Nur Otan партиясының жеңісіне орай бірнеше елдің басшылары Нұрсұлтан Назарбаевты құттықтады

10 қаңтарда өткен Мәжіліс сайлауында Nur Otan айқын басымдықпен жеңді


Нұрсұлтан Назарбаевтың атына ҚР Парламенті Мәжілісі сайлауындағы «Nur Otan» партиясының жеңісіне орай хаттар мен жеделхаттар келіп түсті.
Түркия Республикасының Президенті Режеп Ердоған өз жеделхатында күллі Түркия халқының атынан Елбасыны Парламент сайлауындағы «Nur Otan» партиясының жеңісімен құттықтап, бауырлас Қазақстан халқының өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірді.
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев өткен сайлаудың қорытындысы «Nur Otan» партиясы Қазақстан халқының жаппай қолдауына ие және елдегі жетекші саяси күш екенін тағы бір мәрте дәлелдегенін атап өтті.
«Жаңа құрамдағы Парламент достас Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға, ауқымды реформалар мен жасампаз жұмысты тұрақты түрде жалғастыруға, сондай-ақ халықаралық аренада Сіздің еліңіздің беделі мен имиджін нығайтуға қызмет етеді деген сенімдемін», – делінген Ш. Мирзиёевтің жеделхатында.
Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевтің жеделхатында Қазақстанның дамуы «Nur Otan» партиясының қызметімен тығыз байланысты екені айтылған.
«Партия құрылған күннен бастап Қазақстан мемлекеті мен халқына абыроймен қызмет етіп келді. Өзіңіз басқарып отырған партияның жеңісі Қазақстанның өркендеуі жолында жүргізіп отырған жалпыұлттық саясат пен көпжоспарлы қызметке берген жоғары баға және халықтың Сізге деген сенімін көрсетіп отыр», – деп жазады И.Әлиев.
Сондай-ақ Сербия Президенті Александр Вучичтен де құттықтау жеделхаты келіп түсті.
«Парламент сайлауында Сіздің партияңыздың жеңіске жетуімен шын жүректен құттықтаймын. Халықтың үлкен қолдауы Қазақстанның дұрыс бағытта – даму мен өркендеу жолында келе жатқанының дәлелі екеніне сенімдімін», – делінген жеделхатта.
Сонымен бірге Мажарстаннның Премьер-Министрі Виктор Орбан мен Хорватия Республикасының бұрынғы Президенті Степан Месичтің Елбасыға жолдаған хаттарында да жылы лебіздер айтылған.

Похожие публикации

Лента новостей

26.02.21
Алматының еріктілері қарт адамдарға қар тазалап көмек көрсетті
26.02.21
Казахстан в ООН: Мир – Безъядерная зона
25.02.21
Қазақ спорты: отыз жылдың олжасы қандай?
25.02.21
30 лет Независимости: новый взгляд на историю
25.02.21
Председатель партии «Nur Otan» принял Бауыржана Байбек
24.02.21
Адамзатты «ақырзаман қаруынан» құтқарған ел
24.02.21
Министры проводят онлайн-прием граждан в партии Nur Otan
24.02.21
Nur Otan қазақстандықтар үшін министрлермен онлайн-кездесулер ұйымдастырды
22.02.21
В Nur Otan разработали детальный план развития южных регионов
18.02.21
Nur Otan еліміздің солтүстік өңірін дамытудың Жол карталарын бекітті
17.02.21
Коррупционеры грабят тех, кто не может защититься, детей и больных - РОСПК «Nur Otan»
17.02.21
Жемқорлар қорғансыз жандарды, балалар мен науқастарды тонайды – «Nur Otan»
12.02.21
Фракция «Nur Otan» в Мажилисе приступила к работе в рамках «Дорожной карты» по реализации Предвыборной программы партии
12.02.21
Мәжілістегі «Nur Otan» фракциясы сайлауалды міндеттемелерді іске асыру бойынша «Жол картасын» талқылады
03.02.21
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті
03.02.21
Заседание Совета Безопасности Республики Казахстан под председательством Первого Президента РК – Елбасы Нурсултана Назарбаева
01.02.21
Депутаты Мажилиса от фракции «Nur Otan» и министры примут казахстанцев
01.02.21
Министрлер мен депутаттар арыз-шағымы бар азаматтарды қабылдайтын болды
28.01.21
Республиканская общественная приемная партии «Nur Otan» возобновляет прием граждан
28.01.21
«Nur Otan» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі азаматтарды қабылдауды қайта бастайды
Все новости

Архив публикаций

«    Март 2021    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
Оцените работу движка

Наши партнеры

Наверх