Әлия Әбсеметова: Халықты толғандыратын мәселені шешуге атсалысамын

Журналист, медиа-волонтер Әлия Әбсеметова Мәжіліс депутаты болып сайланды.  

Жуырда Парламент Мәжілісінің толық құрамы белгілі болды. Жаңа Мәжілісте еліміздегі 3 саяси партия және Қазақстан халқы Ассамблеясының кандидаттары мандатқа ие болды. Мәжіліске  Nur Otan партиясы атынан 76 кандидат өткен болатын. Соның бірі – журналист, медиа-волонтер Әлия Әбсеметова.

 Ол осы уақытқа дейін қоғамдық істерге белсене араласып,  түрлі жоба­ларды жүзеге асырды. Медиа ерікті ретінде онко­логиялық және сал ауруына шал­дыққан балалардың еміне қаражат жинауға атсалысты. Көпбалалы ана әлемді қауіпті індет жайлаған кезде де халықтың ортасынан табыла білді. Жақында ғана жаңа қызметіне кіріскен Әлия Әбсеметова енді депутат ретінде  қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді көтеруге ниетті.
«Парламент Мәжілісіндегі жұмысымның барысында «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы»; «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»; «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»; «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»; «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары бойынша жұмыс істеуді жоспарлап отырмын.
Партия мүшелерімен бірге өз сайлаушыларымызды мазалайтын бірқатар өзекті, әлеуметтік мәселелерді көтермекпін. Сонымен қатар білім беру және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы заңнамаға өз ұсыныстарымды енгізуді жоспарлап отырмын», – деді Мәжілістің жаңа сайланған депутаты.
Әлия Әбсеметова 1984 жылы туған. 2005 жылы «Тұран-Астана» университетін халықаралық экономист маман­дығы, 2016 жылы әл-Фараби атын­дағы Қазақ ұлттық университетін журналист мамандығы бойынша бітірген. Uzyn.kz ақпараттық сайтының бас редакторы қызметін атқарған.
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ҚХА-ның Алматы облысы бойынша аналар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз журналист қызметі үшін «Шапағат» мемлекеттік наградасының және мейірімді аналық жүрегі үшін «Деде Горгуд» халықаралық қоғамдық қорының Mehriban Ana орденінің иегері, «Nur Otan» партиясының мүшесі.

aikyn.kz

Похожие публикации

Лента новостей

26.10.21
Бауыржан Байбек проверил исполнение предвыборных обещаний в Алматинской области
22.10.21
Nur Otan: Законопроект по вопросам здравоохранения следует пересмотреть
21.10.21
Строительство школ и больниц на особом контроле Nur Otan
19.10.21
Nur Otan: Дәрі-дәрмектерге салықтық жеңілдіктерді алып тастау бағаны күрт өсіреді
18.10.21
Бауыржан Байбек Маңғыстауда сайлауалды уәделердің орындалуын тексерді
12.10.21
Качество работы портала социальных услуг обсудили в Nur Otan
09.10.21
Бауыржан Байбек Түркістанда сайлауалды бағдарламаның іске асырылуымен танысты
08.10.21
«23% орындалды». Б.Байбек сайлауалды уәделердің Шымкентте іске асырылуын тексерді
06.10.21
В Nur Otan озвучили итоги проверки детских интернатов
05.10.21
Nur Otan алаңында құқық қорғау жүйесінде болатын жаңа өзгерістер жайлы айтылды
04.10.21
«Не допустить роста цен». В Nur Otan дали рекомендации Минсельхозу и акиматам
04.10.21
В Nur Otan рассмотрели исполнение программы по противодействию коррупции в ВКО
30.09.21
Jas Otan возобновит рейтинг учебных заведений по состоянию общежитий
29.09.21
Бауыржан Байбек Қарағанды облысында сайлауалды уәделердің орындалуын тексерді
28.09.21
«Nur Otan» мен Қазақстан Жазушылар одағы «Ұлы дала» байқауын өткізеді
24.09.21
Бауыржан Байбек проверил реализацию предвыборной программы в СКО
23.09.21
Бауыржан Байбек Ақмола облысында сайлауалды уәделердің орындалуын тексерді
21.09.21
В Nur Otan рассказали о добрых поступках своих депутатов
18.09.21
120 деревьев высадили сотрудники Nur Otan в столице
14.09.21
Сборная Казахстан вошла в восьмерку сильнейших команд на Всемирной шахматной Олимпиаде
Все новости

Архив публикаций

«    Октябрь 2021    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Оцените работу движка

Наши партнеры

Наверх