Nur Otan еліміздің солтүстік өңірін дамытудың Жол карталарын бекітті


«Nur Otan» партиясы сайлаудан кейін бір ай уақыт ішінде өзінің 216 сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша Жол карталарын әзірледі. Биыл еліміздің солтүстік өңірлерінің тұрғындары үшін не істелетіні туралы партия Орталық аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.
Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы аясында әрбір өңірде, қала мен ауданда жүйелі бақылауды қамтамасыз ету үшін нақты нысаналы индикаторлар мен мерзімдер белгіленіп, сондай-ақ оған жауапты орындаушылар айқындалды.
Сонымен, Ақмола облысында алдағы 5 жылда 1948 көрсеткіш пен 5175 іс-шараны орындау көзделген. 2021 жылы «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы 16,4% ға, 2022 жылы – 38,3%-ға, 2023 жылы – 59,9%-ға, 2024 жылы – 80,3%-ға және 2025 жылы 100%-ға орындалатын болады.
Биылдың өзінде 27 медициналық нысанның 14-і, 119 мектептің 37-сі, 21 балабақшаның 5-еуі, 60 спорт нысанының 22-сі салынады. 5 жыл ішінде 3,4 млн шаршы метр тұрғын үй салынып, 80 мыңнан астам жұмыс орны ашылады және тағы да басқа істер атқарылады.
Қостанай облысында 2215 көрсеткіш пен 6491 іс-шараны орындау жоспарланған. 2021 жылы өңірлік сайлауалды бағдарлама 20,1%-ға, 2022 жылы – 40,1%-ға, 2023 жылы – 60%-ға, 2024 жылы – 79,9%-ға, ал 2025 жылы толығымен жүзеге асырылады.
Осы жылдың соңына дейін 2803 км автожолдың 480 шағырымы, 923 км сумен жабдықтау құбырының 160-ы, 207,6 км газбен жабдықтаудың 44,4 км салынып, реконструкцияланады.
Жалпы, 80 мың жұмыс орнын құру, 42 жаңа кәсіпорын ашу және кеңейту, 2,2 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған. Қостанай қаласында 1750 орындық 4 студенттер жатақханасын салу, сондай-ақ, тұрғын үй сатып алуға несие беру, көтерме жәрдемақы беру және т. б. арқылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 1500-ден астам білікті жас мамандарды әлеуметтік қолдаумен қамту жоспарлануда.
Павлодар облысында Жол картасы аясында 2691 көрсеткіш пен 1888 іс-шараны орындау көзделген. 2021 жылы партияның сайлауалды бағдарламасы 16%-ға, 2022 жылы – 34%-ға, 2023 жылы – 58%-ға, 2024 жылы – 73%-ға және 2025 жылы 100%-ға іске асырылады.
2021 жылдың өзінде 14 000 пәтердің 2 444-і, 3 медициналық нысан, жастарға арналған бір жатақхана, 5 мектептің 2-еуі, 28 спорт нысанының 5-і салынады.Сонымен қатар, ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін 364 нысанның 161-і қайта бейімделеді.
5 жыл ішінде 69 мың жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз ету жоспарлануда. Сондай-ақ, «Nur Otan» партиясы жеңілдетілген несие беруді, келісімшарттық қаржыландыру тетігін, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша техника, жабдықтар лизингін кеңейту арқылы дихандарға барынша қолдау көрсетуге ниетті. Егіс алқаптарын кеңейту, көтерме-тарату орталықтарын салу сияқты тағы да басқа істер көзделіп отыр.
Солтүстік Қазақстан облысында 2078 көрсеткіш және 1134 іс-шара бекітілді. 2021 жылы «Nur Otan» сайлауалды бағдарламасы 21%-ға, 2022 жылы – 47%-ға, 2023 жылы – 74%-ға, 2024 жылы – 88%-ға және 2025 жылы 100%-ға орындалатын болады.
Осы жылы 2,7 мың км автожолдың 394 шағырымы, 489,7 км сумен жабдықтаудың 127 шақырымы, 80 км жылумен жабдықтаудың 17 шағырымы, 280,8 км су тартудың 58,7-і салынып, реконструкцияланады.
2025 жылға дейін 65 мың жұмыс орны ашылып, 8,9 мың пәтер, 11 медициналық нысан, 96 спорт нысаны, 2 мектеп және жастарға арналған 5 жатақхана салынады.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, бұған дейін Мәжілістегі «Nur Otan» фракциясының отырысында партияның «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша республикалық Жол картасы бекітілген. Барлық сайлауалды уәделермен nurotan.kz және nurotan2021.kz.сайттарынан танысуға болады.

Похожие публикации

Лента новостей

26.02.21
Алматының еріктілері қарт адамдарға қар тазалап көмек көрсетті
26.02.21
Казахстан в ООН: Мир – Безъядерная зона
25.02.21
Қазақ спорты: отыз жылдың олжасы қандай?
25.02.21
30 лет Независимости: новый взгляд на историю
25.02.21
Председатель партии «Nur Otan» принял Бауыржана Байбек
24.02.21
Адамзатты «ақырзаман қаруынан» құтқарған ел
24.02.21
Министры проводят онлайн-прием граждан в партии Nur Otan
24.02.21
Nur Otan қазақстандықтар үшін министрлермен онлайн-кездесулер ұйымдастырды
22.02.21
В Nur Otan разработали детальный план развития южных регионов
18.02.21
Nur Otan еліміздің солтүстік өңірін дамытудың Жол карталарын бекітті
17.02.21
Коррупционеры грабят тех, кто не может защититься, детей и больных - РОСПК «Nur Otan»
17.02.21
Жемқорлар қорғансыз жандарды, балалар мен науқастарды тонайды – «Nur Otan»
12.02.21
Фракция «Nur Otan» в Мажилисе приступила к работе в рамках «Дорожной карты» по реализации Предвыборной программы партии
12.02.21
Мәжілістегі «Nur Otan» фракциясы сайлауалды міндеттемелерді іске асыру бойынша «Жол картасын» талқылады
03.02.21
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті
03.02.21
Заседание Совета Безопасности Республики Казахстан под председательством Первого Президента РК – Елбасы Нурсултана Назарбаева
01.02.21
Депутаты Мажилиса от фракции «Nur Otan» и министры примут казахстанцев
01.02.21
Министрлер мен депутаттар арыз-шағымы бар азаматтарды қабылдайтын болды
28.01.21
Республиканская общественная приемная партии «Nur Otan» возобновляет прием граждан
28.01.21
«Nur Otan» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі азаматтарды қабылдауды қайта бастайды
Все новости

Архив публикаций

«    Март 2021    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
Поговорим о сериалах:

Наши партнеры

Наверх