Қазақ спорты: отыз жылдың олжасы қандай?

Мемлекеттік Ту тек екі жағдайда, Ел Президенті шетелге іссапармен барғанда және спортшылар әлемдік ареналарда жеңіс тұғырына шыққанда көтерілетіні белгілі жайт. Президенттен кейін осындай мәртебеге ие спортшылардың мемлекет үшін маңызын осыдан-ақ бағамдай беруге болады. Ел абыройын асырып, мерейін үстем етіп жүрген атлеттеріміздің еңбегі орасан. Ал спорт ұйымдарының басшылары сол сайыпқыран спортшыларға қаншалықты қолдау көрсетіп жүр? Тәуелсіздік алған отыз жыл ішінде қазақстандық спортшылардың қарымы қандай болды? Бұқаралық спорт үшін не істелінді? Кәсіби спорттың кемшін тұстары қандай? Осы сұрақтарға жауап алу және Қазақстан спортының өткені мен бүгінін саралап, келешегіне көз жүгірту мақсатында отандық спорттың басы-қасында жүрген мамандардың пікірін білген едік.
Хабибулла МОЛЛАҚАНАҒАТҰЛЫ, Қазақстан Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Жиынтық-талдау басқармасының басшысы:
Спорт саласы отыз жыл бойы Отанға деген сүйіспеншілікті нығайтты
–Тәуелсіздік алған отыз жылда елімізде 25-тен астам ұлттық спорт түрі дамыды. Со­ның ішінде, қазақ күресі, саятшылық, асық ату және тоғызқұмалақ секілді ұлттық спорт түрлері ЮНЕСКО мәдени мұрасының ті­зіміне енгізілді. Бүгінде елімізде ұлттық спорт түрлерінен 8 мамандандырылған спорт клубы, 13 мамандандырылған спорт мек­тебі және 45 ипподром жұмыс істейді. «Қа­зақстан Барысы» республикалық турнирі де ұлттық спорттың брендіне айналды. Сон­дай-ақ, «Әлем барысы», «Жас барыс» сынды жа­рыстардың да мәртебесі артуда. Білім беру­дің барлық деңгейіндегі дене шынық­тыру сабақтарына қазақ күресі, тоғызқұ­ма­лақ, асық ату ойындарын енгізу қолға алы­нып жатыр.
Жалпы,  дене шынықтыру саласында жүр­гі­зілген мемлекеттік саясат бұқаралық спорт пен кәсіби спортты қарқынды түрде дамыт­ты. Ведомстволық статистикалық есепке сәйкес, 2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикада 41 352 спорт ғи­мараты (ауылдарда 23 693) жұмыс істеп тұр.
Елімізде VII Қысқы Азия ойындары мен XXVIII Дүниежүзілік қысқы универсиада сияқ­­ты ірі спорттық жарыстардың өт­кі­зілуіне орай, ірі қалаларда әлемдік стандарт­тарға сәйкес келетін бірқатар ірі спорт ғи­мараттары («Сарыарқа» республикалық велотрегі, «Астана Арена», «Алатау» шаңғы жә­не биатлон стадиондарының кешені, «Барыс Арена», «Алау», «Алматы Арена», «Ха­лық Арена» мұз айдындары, «Сұңқар» шаңғы трамплиндерінің халықаралық кешені) және Олимпиада ауылдарына ұқсас атлетикалық қалашық салынды.
Сонымен қатар, балалар мен жастарға спортпен белсенді түрде шұғылдануға жағ­дай жасалынды. Қазір Қазақстанда 2 мил­лионға жуық мектеп оқушысы спортпен шұ­ғылданады. Сондай-ақ, ел аумағында 477 ба­лалар мен жасөспірімдер спорт мектептері, спорт­та дарынды балаларға арналған 17 мек­теп-интернат жұмыс істейді.
Жоғары оқу орындарында да спортқа ба­са көңіл бөлініп жатыр. Университеттер жа­нынан 113 спорт клубы мен 2 мыңға жуық спорт секциялары ашылды, онда 177 263 сту­дент спортпен шұғылданады. Сондай-ақ, Ұлт­тық студенттер лигасы да тұрақты түрде өт­кізіліп келеді.
Осы отыз жылдың ішінде мүмкіндігі шек­теулі адамдар да дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға көптеп жұмыл­дырыл­ды. Қазір 34 114 мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған 13 спорт клубы және 3 мек­теп жұмыс істейді. Жыл сайын олардың қа­тысуымен 40-тан астам халықаралық және рес­публикалық чемпионат пен турнир өт­кізіледі.
Елімізде спорт түрлерінен 101 респуб­ликалық федерация жұмыс істейді.
Қазақстан алғаш рет тәуелсіз мемлекет ре­тінде 1994 жылы Норвегияның Лиллехам­мер қаласында өткен XVII қысқы Олимпиада Ойындарына қатысты. Онда аты аңызға ай­налған жерлесіміз Владимир Смирнов тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет 1 ал­тын және 2 күміс медальге ие болды. Бұл же­тіс­тік арқылы Қазақстан құрамасы алғаш­қы олимпиадасында-ақ жалпыкомандалық есепте 12-орынға табан тіреді.
Тәуелсіздік жылдарында ел намысын қор­ғаған қазақстандық спортшылардың же­тістігі төмендегідей:
– қысқы Олимпиада ойындарында (1994, 1998, 2002, 2006, 2010, 2014, 2018) 1 алтын, 3 кү­міс, 4 қола медаль;
– жазғы Олимпиада ойындарында (1996, 2000, 2004, 2008, 2012, 2016)15 алтын, 21 кү­міс, 28 қола медаль;
– жазғы Жасөспірімдер Олимпиада ойын­дарында 10 алтын, 6 күміс, 9 қола ме­даль;
– қысқы Жасөспірімдер Олимпиада ойын­дарында 1 күміс, 4 қола медаль;
– жазғы Паралимпиада ойындарында 1 ал­тын, 1 күміс медаль;
– қысқы Паралимпиада ойындарында 1 ал­тын, 1 күміс медаль;
– паралимпиадалық спорт түрлерінен жазғы әлем чемпионатында 5 алтын, 6 күміс, 3 қола медаль;
– паралимпиадалық жазғы Азия ойын­дарын­да 12 алтын, 21 күміс, 26 қола медаль.
– жазғы Азия ойындарына  155 алтын, 158 күміс және 244 қола медаль;
– қысқы Азия ойындарында 78 алтын, 62 күміс және 56 қола медаль.
Қазақстанда 2011 жылғы VII қысқы Азия ойындарының өткізілуі жалпыұлттық спорт­тың мерейін асырды, онда ел құрамасы жеңіп алған медальдар бойынша рекорд ор­­на­тып, бірінші орынға ие болды.
Сонымен қатар, ұлттық құрама спорт­шылары қысқы олимпиадалық спорт түр­лерінен әлем чемпионаттарында 5 алтын, 6 күміс, 7 қола медаль жеңіп алды. Ал жазғы олим­пиадалық спортпен айналысатын ат­лет­т­еріміз әлем чемпионаттарында спорт­шы­ларымыз  47 алтын, 52 күміс, 101 қола ме­­­даль иеленді.
Сондай-ақ, осы жылдар ішінде бү­кіләлем­дік қысқы универсиадаларда ел абы­ройын асқақтатқан атлеттеріміз 29 алтын, 25 күміс және 33 қола медальды қоржынға сал­са, ал Бүкіләлемдік жазғы универсиа­да­лар­да бақ сынаған жастарымыз 22 алтын, 43 күміс және 38 қола медальды ұтып алды.
Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет Ал­маты қаласы 2017 жылы XXVIII Дүние­жү­зілік қысқы универсиаданы қабылдады. Атал­ған универсиадада қазақстандық сту­дент­тер құрамасы 36 медаль ұтып, жал­пы­ко­мандалық есепте 2-орынға тұрақтады.
Тәуелсіздік жылдарында елімізде кә­сіп­қой спорт та қарқынды түрде дамыды. Ва­си­лий Жиров пен Геннадий Головкин бастаған кә­сіпқой боксшыларымыз елдің атын күллі әлем­ге танытты. Кезінде әуесқой бокста атой сал­ған Данияр Елеусінов те кәсіпқой бокста көк туымызды желбіретіп жүр. Биыл әлем бойын­­ша ең бедел­ді сана­ла­тын UFC лигасына тұңғыш рет үш қазақ­стан­дық спортшы қа­был­­данды. Соның ішінде отан­дасымыз Шавкат Рахмоновтың бағы ж­анып, әлем чемпионы атанды. Тәуелсіз Қазақстан тарихында спортшы­лары­мыз қол жеткізген жетістіктер мұнымен шектелмейді. Мен тек ең негізгі нәтижелерін атап өттім. Жалпы, отыз жыл бойы Отанға де­ген сүйіспеншілікті бекемдеп келген спорт са­ласы алдағы жылдары бұдан да жоғары қар­қынмен дамиды деп сенеміз.

Асхат САҒЫНАЕВ, спорт комментаторы:
Қазақстан спортының болашағы жарқын
– Қазақстан спор­ты­ның болашағы жар­қын деп есептеймін. 90-жыл­дармен салыс­тыр­ғанда, бүгіндері елімізде бұқараның спортпен айналысуына жақсы жағдай жа­сал­ған. Ірілі-ұсақты елді мекендерде спорт алаң­дары, жаттығу залдары мен кешендер бар. Жаттығу залдарының да бос тұрғанын көр­мей­сің. Сондай-ақ, алдағы уақытта бұ­қара­лық спортқа мемлекет тарапынан қолдау көп болатынын білеміз. Былтыр Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арна­ған Жолдауында елдегі кәсіби спорт клуб­­тарын мемлекет есебінен қаржы­лан­дырудың тиімсіз екенін атап өтіп, бұқаралық спорт пен балалар спортына баса көңіл бөлу қа­жет екенін қадап айтты. Мәдениет және спорт министрлігіндегі мамандар әзірлеп жат­қан жаңа заң жобасы осы жылдың ма­мырында күшіне енеді деп күтілуде. Ең бас­тысы, балалар спорты мен бұқаралық спорт­қа бөлінген қаржы орнымен жұмсалса екен дей­мін.
Отандық спортта баса көңіл аударатын екі басты мәселені атап өткім келеді. Оның бірі – Қазақстанда бапкерлерді даярлау жұ­мы­сының дұрыс жолға қойылмауы. Әсіресе, ба­лаларды жаттықтыратын мамандарды даярлау ісі ақсап тұр. Біздегі көптеген талант­ты жастар бала кезінен дұрыс дайындалмауы се­бебінен спортты ерте тастап кетеді. Жас ат­лет сайыстарда жарақат алып қал­ған жағдайда немесе жеңілістен кейін көңілі соқпай тұрған кезде жаттық­тыру­шының спортшы үшін тек бапкер  емес, жақын дос, ақылшы аға бола білуі маңызды. Ал біздегі бапкерлік қызметті таңдаған азаматтардың басым көпшілігінің балаларды жаттықтыру ісіне үлкен командалардың тіз­гінін ұстар жолдағы уақытша кәсіп деп қа­рауы «әттеген-ай» дегізеді. «Ел болам десең, бе­сігіңді түзе» дегендей, дені сау, күш-қай­ра­ты бойына сыймай тұрған ұрпақ тәр­бие­лейміз десек, алдымен балаларды спортқа бау­литын мық­ты бапкерлер мектебін қа­лып­тас­тыруымыз керек.
Екіншісі – спорттағы менеджменттің әлсіз жақтары. Көптеген спорт іс-шара­ның маңында ұйымдастыру жұмысынан ха­бары жоқ азаматтардың жүргенін көресің. Мұ­ның себебі – еліміздегі спорт фе­де­рация­лардың басым бөлігінің тізгіні кәсіп­керлер немесе әкімдердің қолында болуында. Кәсіпкерлер мен әкімдердің еліміздегі белгілі бір спорт түрін дамытуға аянбай күш сала­тынына күмән келтірмеймін. Бірақ негізгі жұмысы­нан қолы босамауы себебінен олар спорттық федерациялардың жұмысын өз кө­мек­шілеріне сеніп тапсырады. Ал сол кө­мек­шілердің спорттан қаншалықты хабары бар? Олар бапкерлер мен спортшылардың жұ­мысын қаншалықты жақсы біледі? Жа­рысты ұйымдастыру, бұқаралық ақпарат құрал­дарымен, жанкүйерлермен байланыс ор­нату ісін қаншалықты жетік меңгерген? Осы мәселеге баса көңіл бөлу қажет.

turkystan.kz

Похожие публикации

Лента новостей

12.04.21
Nur Otan возьмет на контроль ход вакцинации в регионах
12.04.21
Белгілі қоғам қайраткерлері мен журналистер Nur Otan партиясының жаңа кеңестеріне кірді
08.04.21
Мәжіліс депутаттары алматылықтардың айтарын тыңдады
07.04.21
Нурсултан Назарбаев принял Председателя правления АО «ФНБ «Самрук-Қазына» Алмасадама Саткалиева
06.04.21
Елдос Абаканов рассказал, как будут решаться экологические проблемы Казахстана
05.04.21
«Қоғамдық кеңес – демократияға сай қозғалыс» – Расул Жұмалы
02.04.21
Бауыржан Байбек рассказал, как Nur Otan реализовывает концепцию «Слышащего государства»
02.04.21
«Nur Otan» сайлауалды бағдарламасының орындалуын қалай бақылайды
01.04.21
Nur Otan: Биыл үш ауысымды мектептердің мәселесі шешіледі
01.04.21
«Nur Otan»: Казыгуртский депутат содействовал узакониванию прав на жилье жительницы, которая 13 лет искала справедливости
31.03.21
Нұр-Сұлтанда ертеңнен бастап 1-сыныпқа құжат қабылдау басталады
31.03.21
Елбасы Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитіне қатысты
31.03.21
Глава государства принял участие на неформальном саммите Совета сотрудничества тюркоязычных государств в онлайн-формате
30.03.21
Nur Otan принял меры к депутату, устроившему пышный той в Кызылорде
29.03.21
Есімов Елбасыға алғыс айтты
29.03.21
ТУРКЕСТАН: В БАЙДИБЕКСКОМ РАЙОНЕ КОЛИЧЕСТВО ОБРАЩЕНИЙ В ПАРТИЮ «NUR OTAN» УВЕЛИЧИЛОСЬ В 4 РАЗА
29.03.21
ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕКТЕ «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНА ТҮСКЕН ӨТІНІШТЕР 4 ЕСЕГЕ АРТҚАН
25.03.21
Многодетные семьи получили 45 миллиардов тенге из бюджета Казахстана в 2021 году
25.03.21
Президент ҚХА 29-сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды
22.03.21
Двум тысячам малообеспеченных семей в Нур-Султане на Наурыз раздадут продуктовые корзины
Все новости

Архив публикаций

«    Апрель 2021    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
Поговорим о сериалах:

Наши партнеры

Наверх