Тәуелсіздіктің отызыншы Наурызы

Мінекей, еліміздің азаттыққа қол жеткізгеніне отыз жыл толғалы тұр. Отызыншы рет Наурыз мерекесін тойлағалы отырмыз. Отыз жылда бір ұрпақ ауысады. Бүгінде Тәуелсіздік құрдастары орда бұзар жасқа келіп, әртүрлі саланың белді мамандарына айналып, ел басқару ісіне де араласа бастады. Азат ойлы жастарымызға артар жүк, олардан күтер үміт зор. Тәуелсіздігімізді нығайту жолында адалдықты ту етіп, аянбай еңбек атқарады деп сенемін.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында өндіріс орындарының, онда жұмыс істейтін мамандардың, азық-түлік өнімдері мен қажетті тауарлардың, тағы да басқа көптеген дүниелердің жетіспеушілігінен еліміз қиын кезеңдерді басынан кешірді. Саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-ағартушылық бағыттағы дұрыс ұстанымдарымыздың арқасында қарыштап дамып, қазіргі таңда әлем таныған Қазақстанға айналып отырмыз. Мұндай жетістікке жетуде Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың орасан еңбегі мен оны қолдаушы халқы, әртүрлі сала мамандарының үлесі зор деп есептеймін.
Еліміздің отыз жылда жеткен жетістіктері мен алдағы атқарылатын жұмыстары туралы Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында жариялаған еді. Онда «Азаттығымыздың айшықты белесіне шыққанда әрбір саналы азаматты «Отыз жылда біз қандай жетістіктерге жеттік?», «Келер ұрпаққа қандай елді аманаттаймыз?», «Мемлекеттігімізді нығайта түсу үшін тағы не істейміз?» деген сауалдар толғандырары анық. Осы тұрғыдан алғанда, бұл – арман-мақсаттарымызды тоғыстырып, болашаққа тың серпінмен қадам басу үшін өткенге тағы бір мәрте оралатын, жетістіктеріміз бен кемшіліктерімізді ой елегінен өткізетін маңызды мезет», – деп тәуелсіздігіміздің отыз жылын үш онжылдыққа бөліп қарастырады.
Тәуелсіздіктің алғашқы онжылдығын «Жаңа Қазақстанның іргетасын қалау кезеңі» деп атаса, екінші онжылдықты «Қазақ елінің керегесін кеңейту кезеңі» деп көрсетеді. Осы жылдарда мемлекетіміздің тұғыры бекіп, экономикалық әлеуетіміз арта түскенін, құрлықтағы барлық шекарамызды айқындап, заң жүзінде бекіткеніміз жайлы сөз қозғайды. Ал «Үшінші онжылдықта шаңырағымыз биіктеп, өсіп-өркендеп, мерейлі мемлекетке айналдық. Шекара мәселесін біржола шештік. «Қазақстан – 2050» стратегиясын қабылдап, озық дамыған отыз елдің қатарына қосылуды межеледік», – дейді. Сондай-ақ алдағы онжылдықта не істеуіміз керек, қандай мемлекет құруды көздеп отырмыз, міне осы мәселелерге де тоқталып, алда атқарылатын жұмыстар мен межелі мақсаттарды атап көрсетеді. Тәуелсіздігімізді алғалы Ұлыстың ұлы күнін тойлауға халқымыз биыл отызыншы рет дайындалып жатыр. Мемлекет басшысы Наурыз мейрамы жөнінде өз мақаласында: «Осы орайда, халқымызды біріктіретін ортақ құндылықтарды барынша дәріптеп, ой-санаға берік орнықтыруымыз керек. Мысалы, Наурыз мейрамын атап өту тұжырымдамасын жасап, көктем мерекесінің мазмұнын байыта түскен жөн. Бүкіл қоғамды ұйыстыратын құндылықтар неғұрлым көп болса, бірлігіміз де соғұрлым бекем болады», – дейді.
Сонымен Наурыз мерекесі жайлы бірер ауыз сөз қозғайық. Әз Наурыз – тарихы терең, тағылымы мол мейрам. Бұл мейрам – ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Бұл мейрамның тарихына көз жүгіртер болсақ «Дәстүрлі қазақ қоғамында Ұлыс күні жыл басы саналған. Халықтың мифологиялық түсінігі бойынша 21 наурыз түні даланы Қыдыр аралайды деседі. Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Халық таза, жаңа киімдерін киген. Ауылдың ер адамдары бір-бірімен қос қолдасып көрісіп, төс қағыстырады; әйелдер құшақтасып, бір-біріне игі тілектер айтады. Бірін-бірі мерекеге арнап дайындалған наурыз көже ішуге шақырады. Оған қойдың басы мен сүр ет салып пісірілуі – қыс тағамымен (етпен) қоштасуды, құрамына ақтың қосылуы – жаз тағамымен (сүт, ақ) қауышуды білдіреді». Кеңес өкіметінің алғашқы кезеңдерінде (1920 – 25) шығыс халықтары бұл мерекені атап өткенімен, 1926 жылы ол «діни мейрам», «ескілік сарқыншағы» деп танылып тоқтатылды. Қазақ жерінде 62 жыл бойы ұмыт болған Наурыз мейрамы 1988 жылы қайта жаңғырды. Елбасының қаулысымен 1991 жылдың 15 наурызында Наурыз мерекесі мемлекеттік мәртебеге ие болды. Тәуелсіздік алғаннан кейін Елбасы 21, 22, 23 наурыз күндерін демалыс күндері деп бекітті. Яғни қазақ елінің Наурыз мейрамымен қайта қауышуына Елбасының тікелей қатысын атап өткен жөн. Міне, отыз жылдан аса уақыт халқымыз «жер мен көктің жаңаруы», «тіршіліктің бастауы» және «күн мен түннің теңелген уақыты» деп Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын ұлттық мереке ретінде атап өтіп келеді. Тәуелсіздік алған кезден бастап, Елбасымыз жыл сайын Ұлыстың ұлы күнін тойлауға аса мән беріп, оның мәртебесін арттырып келді. Өйткені, ел ынтымағын арттыруда Наурыз мейрамының алатын орны ерекше. Бұл күні араздасқан ағайын бір-бірімен табысып, ағаттыққа кешіріммен қараған. Ынтымақты, бірлікті, ауызбіршілікті ту еткен мерекені жаңа өмірдің, жаңғырудың бастауы деп қабылдаған.
Наурыз, наурыз, күн игі!
Күні игі жердің – түрі игі.
Бауыры жылып науат-қар,
Бабымен ғана жібиді.
Шашылып ырыс шанақтан,
Шақырып бір үй бір үйді,
Шаттанушы еді бір игі, – деп ақын Мұқағали жырлағандай Наурызда табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да түлейдi, жаңарады. Адамзаттың бойында қан жүгiрiп, тал-теректер бүршiк жарады. Самарқанның көк тасы ерiп, қасиеттi қара жер, қара топырақ бусанады. Ұлы қазақ даласының төсiнде қызғалдақтар құлпыра өсiп, бел-белестерге қызылды-жасылды кiлем төселедi. Ұлан-байтақ Қазақстанның халқы жетi түрлi дәмнен наурыз көже жасап, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды сақтап, ай бойы Ұлыстың Ұлы күнiн тойлайды.
Халқымыз наурыз айында туған құлын, бота, бұзау, қозы-лақты «Наурыз төл» деп атаған. Мейрімділік пен ізгіліктің айы болған Наурыз мерекесінде жақсы тілектер айтылып, ізетті қамқорлықпен қарсы алған. Көне мейрам, ізгі мейрам наурызды тек еліміз ғана емес, Орта Азия мен шығыс елдерінің біразы тойлайды. Бұл мереке табиғат пен адамның үндестігін көрсетеді. Бұл күні бұлақтар тазартылып, ағаштар отырғызылады. «Бұлақ көрсең, көзін аш!», «Бір тал кессең, он тал ек!» деген сөздер осыдан шыққан болу керек. Наурыз – бейбітшілік, еңбек, достықтың мерекесі.
Өкінішке орай, өткен жылғы және биылғы Наурыз мерекесі әдеттен тыс жағдайға тұспа-тұс келіп отыр. Әлемде қатерлі вирустың таралуы себепті Президент Жарлығымен 2020 жылдың 16 наурызында Қазақстан аумағында төтенше жағдай енгізіліп, қатаң шектеу шаралары екі айға созылған еді. Мемлекеттік комиссия құрылып, азаматтарымыздың денсаулығын қорғау және еліміздегі экономикалық ахуалды тұрақтандыру үшін нақты жұмыстар қолға алынды. Пандемияға айналған коронавирустың кеңінен таралуы тек біздің ғана елде емес, әлем елдеріне өз зардабын тигізуде. Бүгінде бүкіл әлем қиын сынақты бастан өткеріп отыр. Бірлік, берекеміздің, ырыс-ынтымағымыздың арқасында бұл күрделі сынақтан сүрінбей өтетінімізге сенемін.
Тәуелсіз елімізге сиыр жылы енді кіріп келеді. Жыл басы, еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі – Әз-Наурыз баршаңызға құт-береке әкелсін!
Ұлыстың ұлы күні Әз-Наурыз құтты болсын, ақ мол болсын!
арман жүдебаев - наурыз
Арман Жүдебаев,
Құрманғазы атындағы
Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Похожие публикации

Лента новостей

12.04.21
Nur Otan возьмет на контроль ход вакцинации в регионах
12.04.21
Белгілі қоғам қайраткерлері мен журналистер Nur Otan партиясының жаңа кеңестеріне кірді
08.04.21
Мәжіліс депутаттары алматылықтардың айтарын тыңдады
07.04.21
Нурсултан Назарбаев принял Председателя правления АО «ФНБ «Самрук-Қазына» Алмасадама Саткалиева
06.04.21
Елдос Абаканов рассказал, как будут решаться экологические проблемы Казахстана
05.04.21
«Қоғамдық кеңес – демократияға сай қозғалыс» – Расул Жұмалы
02.04.21
Бауыржан Байбек рассказал, как Nur Otan реализовывает концепцию «Слышащего государства»
02.04.21
«Nur Otan» сайлауалды бағдарламасының орындалуын қалай бақылайды
01.04.21
Nur Otan: Биыл үш ауысымды мектептердің мәселесі шешіледі
01.04.21
«Nur Otan»: Казыгуртский депутат содействовал узакониванию прав на жилье жительницы, которая 13 лет искала справедливости
31.03.21
Нұр-Сұлтанда ертеңнен бастап 1-сыныпқа құжат қабылдау басталады
31.03.21
Елбасы Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитіне қатысты
31.03.21
Глава государства принял участие на неформальном саммите Совета сотрудничества тюркоязычных государств в онлайн-формате
30.03.21
Nur Otan принял меры к депутату, устроившему пышный той в Кызылорде
29.03.21
Есімов Елбасыға алғыс айтты
29.03.21
ТУРКЕСТАН: В БАЙДИБЕКСКОМ РАЙОНЕ КОЛИЧЕСТВО ОБРАЩЕНИЙ В ПАРТИЮ «NUR OTAN» УВЕЛИЧИЛОСЬ В 4 РАЗА
29.03.21
ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕКТЕ «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНА ТҮСКЕН ӨТІНІШТЕР 4 ЕСЕГЕ АРТҚАН
25.03.21
Многодетные семьи получили 45 миллиардов тенге из бюджета Казахстана в 2021 году
25.03.21
Президент ҚХА 29-сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды
22.03.21
Двум тысячам малообеспеченных семей в Нур-Султане на Наурыз раздадут продуктовые корзины
Все новости

Архив публикаций

«    Апрель 2021    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
Оцените работу движка

Наши партнеры

Наверх