Мәжіліс депутаттары алматылықтардың айтарын тыңдады

Парламент Мәжілісінің депутаттары, Nur Otan фракциясының мүшелері Бекқали Торғаев, Жұлдыз Сүлейменова және Мәди Ахметов партияның Алматы қалалық филиалының алаңында онлайн қабылдау өткізді.

Бұдан бөлек, «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» аясында тікелей эфирлер ұйымдастырды.

 Студенттерді жатақханаларда орындармен қамтамасыз ету, бірқатар нысандарды жекешелендіруге жол бермеу, шалғайдағы елдімекендерде жастарды жұмысқа орналастыру жоспарлары, кредиттік саясат және медицина мәселелері – өтініштердің негізгі тізбесін құрады.
Мысалы, студент Сымбат Шақпақбай ауыл жастарының қоғамдық-саяси белсенділігінің төмендігі тақырыбын көтерді. Оның айтуынша, мемлекеттік бағдарламаларды сапалы әзірлеу және жедел енгізу ауылдық жерлерде тұратын жастардың салауатты саяси және әлеуметтік-экономикалық белсенділігіне ықпал етеді.
Жастар саясатын жүзеге асыру тетіктерімен таныс мәжілісмен Мәди Ахметов қазіргі уақытта партияның Жол картасында ауыл жастарын қолдауға бағытталған нақты іс-қимыл жоспары көрініс тапқанын айтты.
Сондықтан депутаттар сайлауалды уәделерін нақты іске асыруға мүдделі екенін жеткізді.
Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаев «Бүгінде көптеген адам ауылдан қалаға көшіп келеді. Оларға жұмысқа орналасу қиын. Әрбір жас жұмыстан шықпай-ақ, мамандық пен білім алу мүмкіндігіне ие болуы керек. Оқу жастарға тек білім ғана емес, сонымен қатар сол білімді әлеуметтік бейімделу процесінде қолдана білуге берілу керек» деген болатын.
Осыған байланысты, партия мүшелерінің алдында ауылдан қалаға келген жастарға жағдай жасау міндеті тұр.
Мәди Ахметовтің пікірінше, бұл жергілікті атқарушы органдармен және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарымен бірлесіп іске асуы тиіс.
«Бүгінгі таңда ауылдық округтерде жастардың 44%-ы тұрады. Бұл жастардың жалпы санынан бір жарым миллионнан астам адам. Алайда, сауалнама нәтижелері бойынша олардың тек үштен бірі ғана елімізде жастар саясаты саласында жүргізіліп жатқан мемлекеттік бағдарламалармен таныс екені анықталды», – деп атап өтті мәжілісмен Мәди Ахметов.

Похожие публикации

Лента новостей

12.04.21
Nur Otan возьмет на контроль ход вакцинации в регионах
12.04.21
Белгілі қоғам қайраткерлері мен журналистер Nur Otan партиясының жаңа кеңестеріне кірді
08.04.21
Мәжіліс депутаттары алматылықтардың айтарын тыңдады
07.04.21
Нурсултан Назарбаев принял Председателя правления АО «ФНБ «Самрук-Қазына» Алмасадама Саткалиева
06.04.21
Елдос Абаканов рассказал, как будут решаться экологические проблемы Казахстана
05.04.21
«Қоғамдық кеңес – демократияға сай қозғалыс» – Расул Жұмалы
02.04.21
Бауыржан Байбек рассказал, как Nur Otan реализовывает концепцию «Слышащего государства»
02.04.21
«Nur Otan» сайлауалды бағдарламасының орындалуын қалай бақылайды
01.04.21
Nur Otan: Биыл үш ауысымды мектептердің мәселесі шешіледі
01.04.21
«Nur Otan»: Казыгуртский депутат содействовал узакониванию прав на жилье жительницы, которая 13 лет искала справедливости
31.03.21
Нұр-Сұлтанда ертеңнен бастап 1-сыныпқа құжат қабылдау басталады
31.03.21
Елбасы Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитіне қатысты
31.03.21
Глава государства принял участие на неформальном саммите Совета сотрудничества тюркоязычных государств в онлайн-формате
30.03.21
Nur Otan принял меры к депутату, устроившему пышный той в Кызылорде
29.03.21
Есімов Елбасыға алғыс айтты
29.03.21
ТУРКЕСТАН: В БАЙДИБЕКСКОМ РАЙОНЕ КОЛИЧЕСТВО ОБРАЩЕНИЙ В ПАРТИЮ «NUR OTAN» УВЕЛИЧИЛОСЬ В 4 РАЗА
29.03.21
ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕКТЕ «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНА ТҮСКЕН ӨТІНІШТЕР 4 ЕСЕГЕ АРТҚАН
25.03.21
Многодетные семьи получили 45 миллиардов тенге из бюджета Казахстана в 2021 году
25.03.21
Президент ҚХА 29-сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды
22.03.21
Двум тысячам малообеспеченных семей в Нур-Султане на Наурыз раздадут продуктовые корзины
Все новости

Архив публикаций

«    Апрель 2021    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
Поговорим о сериалах:

Наши партнеры

Наверх