«Қоғамдық кеңес – демократияға сай қозғалыс» – Расул Жұмалы

Nur Otan партиясы сайлауалды бағдарламасының нақты бағыттарын іске асырылуын бақылау бойынша 14 республикалық қоғамдық кеңес құрылды. Белгілі саясаттанушы Расул Жұмалы партиялық кураторлар институтының орнына құрылған қоғамдық кеңестің жұмысына қатысты пікір білдірді.

– Бұл жерде сөз болып отырғаны – Nur Otan партиясының сайлауалды берген уәделері. Яғни, үлкен шаралардан тұратын бағдарламалар жарияланған. Ал кез келген уәде, оның құндылығы – іске асуымен бағаланады. Әдетте, сайлау алдында сайланушылар уәделерді үйіп төгеді. Популизмге де салынады. Бірақ, соның орындалуына келгенде, көңіл көншітпей жатады. Қазір қабылданып жатқан шешім нақты өздеріне алған міндеттемелерді орындалуын бақылайтын, жолын қарастыратын, бюджетті тексеретін, атқарушы органдарды қамшылайтын Nur Otan партиясынан 14 құрылым құрылды. Әрқайсысы тиісті бағыттағы жұмыстарға жауап береді. Бірі – экономикалық, екіншісі – әлеуметтік деп, тағы басқа салаларға бөлінген.

Бұрын негізі Nur Otan партиясында осындай форматқа жауап беретін тиісті куратор болатын. Онда жекелеген лауазым иелері нақты іске асыру барысымен айналысатын. Ал қазір – Қоғамдық кеңес. Оның ерекшелігі – бұған тек Nur Otan партиясының мүшелері, депутаттары емес, сонымен қатар азаматтық қоғамның мүшелері, жергілікті жердегі белсенді азаматтар, блогерлердің қатысуына болады. Яғни, бұрынғыдай куратордың ғана емес, әлдеқайда ашық деңгейде қоғамның қатысуымен өтетін кеңес. Барлық қоғамның өкілдері Nur Otan партиясының атқарып жатқан істерін бақылай алады. Бұл төрт жылда бір рет өтетін құрғақ есеп беру емес. Қоғаммен араласа отырып, солардың уәждерін тыңдап, заңдылықтарды ескеріп, мәселенің шешімін табатын дүние. Міне, оң шешім деп отырғаным – осы.
Екіншіден, кешеден бері осы 14 құрылымды кімдердің жетекшілік ететіні жарияланып жатыр. Оның ішіндегі көпшілігін өзім жақсы танимын. Олар өз саласының мықты мамандары, қабілетті әрі жақсы сарапшылар. Сондықтан оларға деген сенімім мол.

Үшіншіден, бұрынғы құрылыммен салыстырғанда, халық алдында ашық болу, өзінің берген уәделеріне жауап беру, соған беріктігін көрсетеді. Партияның сайлауалды бағдарламасында 2025 жылға дейін жұмыссыздықты нақты қаншаға кемітетіні, қанша мектеп салатыны көрсетілген. Уақыт өткен сайын осыны бақылап тұруға мүмкіндік туады. Соған қарап, халық та алдағы сайлауда партияға дауыс беру, бермеуін шеше алады. Бұл – демократияға сай қозғалыс, іс пен сөздің сабақтастығы, – деді саясаттанушы Расул Жұмалы.

Похожие публикации

Лента новостей

12.04.21
Nur Otan возьмет на контроль ход вакцинации в регионах
12.04.21
Белгілі қоғам қайраткерлері мен журналистер Nur Otan партиясының жаңа кеңестеріне кірді
08.04.21
Мәжіліс депутаттары алматылықтардың айтарын тыңдады
07.04.21
Нурсултан Назарбаев принял Председателя правления АО «ФНБ «Самрук-Қазына» Алмасадама Саткалиева
06.04.21
Елдос Абаканов рассказал, как будут решаться экологические проблемы Казахстана
05.04.21
«Қоғамдық кеңес – демократияға сай қозғалыс» – Расул Жұмалы
02.04.21
Бауыржан Байбек рассказал, как Nur Otan реализовывает концепцию «Слышащего государства»
02.04.21
«Nur Otan» сайлауалды бағдарламасының орындалуын қалай бақылайды
01.04.21
Nur Otan: Биыл үш ауысымды мектептердің мәселесі шешіледі
01.04.21
«Nur Otan»: Казыгуртский депутат содействовал узакониванию прав на жилье жительницы, которая 13 лет искала справедливости
31.03.21
Нұр-Сұлтанда ертеңнен бастап 1-сыныпқа құжат қабылдау басталады
31.03.21
Елбасы Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитіне қатысты
31.03.21
Глава государства принял участие на неформальном саммите Совета сотрудничества тюркоязычных государств в онлайн-формате
30.03.21
Nur Otan принял меры к депутату, устроившему пышный той в Кызылорде
29.03.21
Есімов Елбасыға алғыс айтты
29.03.21
ТУРКЕСТАН: В БАЙДИБЕКСКОМ РАЙОНЕ КОЛИЧЕСТВО ОБРАЩЕНИЙ В ПАРТИЮ «NUR OTAN» УВЕЛИЧИЛОСЬ В 4 РАЗА
29.03.21
ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕКТЕ «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНА ТҮСКЕН ӨТІНІШТЕР 4 ЕСЕГЕ АРТҚАН
25.03.21
Многодетные семьи получили 45 миллиардов тенге из бюджета Казахстана в 2021 году
25.03.21
Президент ҚХА 29-сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды
22.03.21
Двум тысячам малообеспеченных семей в Нур-Султане на Наурыз раздадут продуктовые корзины
Все новости

Архив публикаций

«    Апрель 2021    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
Поговорим о сериалах:

Наши партнеры

Наверх