Белгілі қоғам қайраткерлері мен журналистер Nur Otan партиясының жаңа кеңестеріне кірді

Тұрғындарға COVID-19-ға қарсы екпе салу және вакциналарды аймақтарға бөлу «Nur Otan» партиясының бақылауына алынады. Бұл туралы Партиялық бақылау комитетінің бірінші ұйымдастырушылық отырысында белгілі болды. Жиында жаңа құрам бекітіліп, алдағы жылға арналған жұмыс жоспары анықталды.
Партияның баспасөз қызметі хабарлағандай, өңірлердегі партиялық бақылау комитеті мен комиссияларының бірінші кезектегі міндеті –  электоралдық міндеттемелердің орындалуына жүйелі бақылауды қамтамасыз ету.
Сондай-ақ, өзекті бағыттардың қатарында мемлекеттік органдардың азаматтардың өтініштеріне тиянақты қарап, сапалы жұмыс істеуіне, бюджет қаражатын жұмсаудың тиімділігіне мониторинг жүргізу сияқты тағы да басқа мәселелер бар.
Партия жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің де жұмыс кестесі мен жаңа құрамы бірінші отырыста бекітілді.
«Сыбайлас жемқорлық – бұл пара беру мен пара алу ғана емес. Өз міндеттеріне немқұрайлы қарау және бюджет қаражатын тиімсіз жұмсау да соның көрінісі. Онымен барлық шараларды қолдана отырып күресуіміз қажет», - деді Ерлан Саиров.
Еске сала кетейік, бұған дейін «Nur Otan» Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек өзінің Facebook-тегі парақшасында билеуші партияның өзінің сайлауалды уәделерін іске асыруды қалай қамтамасыз етуге ниетті екенін айтқан болатын.
Оның айтуынша, Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша, сондай-ақ ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында партияның қоғамдық кеңестерінің жұмысы жүйелі түрде қайта құрылымдалады.
Саяси кеңес Бюросының шешімімен таратылған партиялық кураторлар институтының орына «Nur Otan»-ның сайлауалды бағдарламасының нақты бағыттарының іске асырылуын бақылау бойынша 14 республикалық қоғамдық кеңес құрылды. Осындай кеңестер өңірлік деңгейде де құрылады.
Кеңестердің жұмысы қоғамдық пікірді ескеріп, сондай-ақ партияның қоғамдық қабылдау бөлмелеріне ел көлемінде азаматтардан түскен өтініштерге жасалған талдауға негізделе отырып, жария түрде жүргізіледі. 
Сонымен қатар, Бауыржан Байбек «Nur Otan» кеңестерінің алдында сарапшылар қауымдастығын өткір әлеуметтік мәселелерді ашық талқылауға тарту, сондай-ақ азаматтық бастамаларды қолдау міндеті тұрғанын атап өтті.

Похожие публикации

Лента новостей

26.04.21
В Nur Otan озвучили предложения по сдерживанию цен на продукты питания
23.04.21
«Miras» алаңында отандық кинематографияның жай-күйі талқыланды
22.04.21
Обеспечение сёл питьевой водой взяли на контроль в Nur Otan
22.04.21
Сапалы сумен қамтамасыз ету мәселесі Nur Otan-да қатаң сынға алынды
21.04.21
Nur Otan-да биылдың өзінде 1000 мектеп жаңғыртылатыны айтылды
19.04.21
Nur Otan-ның сайлауалды уәделерінің орындалуын 1738 қоғамдық кеңес қадағалайды
16.04.21
Корпус молодых депутатов создали в партии «Nur Otan»
12.04.21
Nur Otan возьмет на контроль ход вакцинации в регионах
12.04.21
Белгілі қоғам қайраткерлері мен журналистер Nur Otan партиясының жаңа кеңестеріне кірді
08.04.21
Мәжіліс депутаттары алматылықтардың айтарын тыңдады
07.04.21
Нурсултан Назарбаев принял Председателя правления АО «ФНБ «Самрук-Қазына» Алмасадама Саткалиева
06.04.21
Елдос Абаканов рассказал, как будут решаться экологические проблемы Казахстана
05.04.21
«Қоғамдық кеңес – демократияға сай қозғалыс» – Расул Жұмалы
02.04.21
Бауыржан Байбек рассказал, как Nur Otan реализовывает концепцию «Слышащего государства»
02.04.21
«Nur Otan» сайлауалды бағдарламасының орындалуын қалай бақылайды
01.04.21
Nur Otan: Биыл үш ауысымды мектептердің мәселесі шешіледі
01.04.21
«Nur Otan»: Казыгуртский депутат содействовал узакониванию прав на жилье жительницы, которая 13 лет искала справедливости
31.03.21
Нұр-Сұлтанда ертеңнен бастап 1-сыныпқа құжат қабылдау басталады
31.03.21
Елбасы Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитіне қатысты
31.03.21
Глава государства принял участие на неформальном саммите Совета сотрудничества тюркоязычных государств в онлайн-формате
Все новости

Архив публикаций

«    Май 2021    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
Поговорим о сериалах:

Наши партнеры

Наверх