Nur Otan-ның сайлауалды уәделерінің орындалуын 1738 қоғамдық кеңес қадағалайды

NewsЕліміз бойынша «Nur Otan» филиалдарының басшылары – әкімдердің қатысуымен партияның өңірлік Саяси кеңестері Бюросының отырыстары өтті. Онда әрбір өңірде, қала мен ауданда сайлауалды уәделердің іске асырылуын бақылау жөніндегі жаңа қоғамдық кеңестердің басшылары мен құрамдары бекітілді.
Орталық аппараттың баспасөз қызметі хабарлағандай, бұған дейін Елбасы, Партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша барлық өңірлерде «Nur Otan» партиясының 217 сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша Жол карталары қабылданып, жауапты депутаттар мен орындаушылар бекітілген. Жылдар мен нақты іс-шаралар көрсетілген 80 мыңнан астам индикаторға қол жеткізу көзделіп отыр.
Партия Лидері қойған міндеттерді ескере отырып, сайлауалды бағдарламалардың нақты бағыттарын жүйелі бақылау үшін өңірлік және аумақтық деңгейде 1 738 қоғамдық кеңес құрылды.
Кеңестердің құрамына 11 388 белсенді, оның ішінде мәслихат депутаттары, партиялық кадрлық резерв өкілдері, өңірде беделді және жергілікті жерлердегі түйінді мәселелерді жақсы білетін азаматтар, сарапшылар және т. б. кірді.
Партия жаңа кеңестердің жұмысы қоғамдық пікірді ескере отырып, партияның еліміз бойынша барлық қоғамдық қабылдау бөлмелеріне азаматтардан келген өтініштерді талдау негізінде жария форматта құрылатынына уәде береді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Саяси кеңес Бюросының шешімімен таратылған партиялық кураторлар институтының орнына «Nur Otan» сайлауалды бағдарламасының нақты бағыттарының іске асырылуын бақылау бойынша 14 республикалық қоғамдық кеңес құрылған болатын.
Өткен аптада Мәжілістің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың 600 жас депутатынан тұратын Корпустың құрылғаны туралы айтылғанды. Нұротандық жас депутаттар жастарды қолдауға және заң шығару процесінде олардың мүдделерін қорғауға күш-жігерлерін біріктіруге ниетті.

Похожие публикации

Лента новостей

26.04.21
В Nur Otan озвучили предложения по сдерживанию цен на продукты питания
23.04.21
«Miras» алаңында отандық кинематографияның жай-күйі талқыланды
22.04.21
Обеспечение сёл питьевой водой взяли на контроль в Nur Otan
22.04.21
Сапалы сумен қамтамасыз ету мәселесі Nur Otan-да қатаң сынға алынды
21.04.21
Nur Otan-да биылдың өзінде 1000 мектеп жаңғыртылатыны айтылды
19.04.21
Nur Otan-ның сайлауалды уәделерінің орындалуын 1738 қоғамдық кеңес қадағалайды
16.04.21
Корпус молодых депутатов создали в партии «Nur Otan»
12.04.21
Nur Otan возьмет на контроль ход вакцинации в регионах
12.04.21
Белгілі қоғам қайраткерлері мен журналистер Nur Otan партиясының жаңа кеңестеріне кірді
08.04.21
Мәжіліс депутаттары алматылықтардың айтарын тыңдады
07.04.21
Нурсултан Назарбаев принял Председателя правления АО «ФНБ «Самрук-Қазына» Алмасадама Саткалиева
06.04.21
Елдос Абаканов рассказал, как будут решаться экологические проблемы Казахстана
05.04.21
«Қоғамдық кеңес – демократияға сай қозғалыс» – Расул Жұмалы
02.04.21
Бауыржан Байбек рассказал, как Nur Otan реализовывает концепцию «Слышащего государства»
02.04.21
«Nur Otan» сайлауалды бағдарламасының орындалуын қалай бақылайды
01.04.21
Nur Otan: Биыл үш ауысымды мектептердің мәселесі шешіледі
01.04.21
«Nur Otan»: Казыгуртский депутат содействовал узакониванию прав на жилье жительницы, которая 13 лет искала справедливости
31.03.21
Нұр-Сұлтанда ертеңнен бастап 1-сыныпқа құжат қабылдау басталады
31.03.21
Елбасы Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитіне қатысты
31.03.21
Глава государства принял участие на неформальном саммите Совета сотрудничества тюркоязычных государств в онлайн-формате
Все новости

Архив публикаций

«    Май 2021    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
Оцените работу движка

Наши партнеры

Наверх