Nur Otan-да биылдың өзінде 1000 мектеп жаңғыртылатыны айтылды

News400 жаңа мектеп келесі жылдың соңына дейін салынады. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесінің алғашқы ұйымдастыру отырысында белгілі болды. Жаңадан құрылған кеңестің отырысында оның құрам бекітіліп, алдағы жылға арналған жұмыс жоспары анықталды.
Партияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеңестің бірінші кезектегі міндеті – сайлауалды міндеттемелердің, соның ішінде үш ауысымды және апатты мектептер проблемасын шешу жөніндегі уәделердің іске асырылуын бақылау. Елбасы, Партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 2025 жылға дейінгі тиісті Жол картасы әзірленді.
«Nur Otan» партиясының Хатшысы Әлібек Әлденейдің айтуынша, биылдың өзінде 200 мектеп салу, бұдан бөлек тағы 1000 білім беру нысанын жаңғырту жоспарланған.
Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова атап өткендей, билеуші партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру аясында 800 мектепті пайдалануға беру жоспары жасалды. Олардың жартысы 2022 жылдың соңына дейін салынады.
Отырыс барысында кеңес төрағасы, Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова бюджет қаражатының тиімді жұмсалуына ерекше назар аударуды тиісті ведомство өкілдерінің қаперіне салды. 
«Мектеп құрылысына бөлінген қаражаттың жұмсалуын талдау барысында 18,6 млрд. теңге игерілмегені анықталды. Қолданыстағы заңнама бұған тыйым салмайтынына қарамастан, бірде-бір аймақ Білім және ғылым министрлігімен қаражатты қайта бөлу туралы келісімге келмеген. Бақылау механизмдерін күшейту қажет», - деді Жұлдыз Сүлейменова.
Министрліктің мәліметінше, қазіргі уақытта мектептердегі тапшылық 265 мың оқушы орнын құрайды. Еліміз бойынша 137 мектеп үш ауысымда оқыса, тағы 34-і апатты деп танылған.
Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар ұсынымдар әзірленді. Атап айтқанда, 800 жаңа мектеп құрылысын тиімді іске асыруды және бюджет қаражатын жұмсаудың тұрақты мониторингін қамтамасыз ету үшін «Nur Otan» партиясының орталық аппаратына ай сайынғы есеп беріп отыру, қоғамдық бақылауды күшейту, жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ өңірлік және аумақтық кеңес мүшелеріне әрбір мектепке жетекшілік етуді бекіту.
Еске сала кетейік, бұған дейін «Nur Otan» Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек билеуші партияның сайлауалды уәделерін іске асыруды қалай қамтамасыз етуге ниетті екенін айтқан болатын.
Оның айтуынша, Елбасы, Партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша, сондай-ақ ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында партияның қоғамдық кеңестерінің жұмысы жүйелі түрде қайта құрылымдалады.
Саяси кеңес Бюросының шешімімен таратылған партиялық кураторлар институтының орына «Nur Otan»-ның сайлауалды бағдарламасының нақты бағыттарының іске асырылуын бақылау бойынша 14 республикалық қоғамдық кеңес құрылды. Осындай кеңестер өңірлік деңгейде де құрылған.

Похожие публикации

Лента новостей

26.04.21
В Nur Otan озвучили предложения по сдерживанию цен на продукты питания
23.04.21
«Miras» алаңында отандық кинематографияның жай-күйі талқыланды
22.04.21
Обеспечение сёл питьевой водой взяли на контроль в Nur Otan
22.04.21
Сапалы сумен қамтамасыз ету мәселесі Nur Otan-да қатаң сынға алынды
21.04.21
Nur Otan-да биылдың өзінде 1000 мектеп жаңғыртылатыны айтылды
19.04.21
Nur Otan-ның сайлауалды уәделерінің орындалуын 1738 қоғамдық кеңес қадағалайды
16.04.21
Корпус молодых депутатов создали в партии «Nur Otan»
12.04.21
Nur Otan возьмет на контроль ход вакцинации в регионах
12.04.21
Белгілі қоғам қайраткерлері мен журналистер Nur Otan партиясының жаңа кеңестеріне кірді
08.04.21
Мәжіліс депутаттары алматылықтардың айтарын тыңдады
07.04.21
Нурсултан Назарбаев принял Председателя правления АО «ФНБ «Самрук-Қазына» Алмасадама Саткалиева
06.04.21
Елдос Абаканов рассказал, как будут решаться экологические проблемы Казахстана
05.04.21
«Қоғамдық кеңес – демократияға сай қозғалыс» – Расул Жұмалы
02.04.21
Бауыржан Байбек рассказал, как Nur Otan реализовывает концепцию «Слышащего государства»
02.04.21
«Nur Otan» сайлауалды бағдарламасының орындалуын қалай бақылайды
01.04.21
Nur Otan: Биыл үш ауысымды мектептердің мәселесі шешіледі
01.04.21
«Nur Otan»: Казыгуртский депутат содействовал узакониванию прав на жилье жительницы, которая 13 лет искала справедливости
31.03.21
Нұр-Сұлтанда ертеңнен бастап 1-сыныпқа құжат қабылдау басталады
31.03.21
Елбасы Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитіне қатысты
31.03.21
Глава государства принял участие на неформальном саммите Совета сотрудничества тюркоязычных государств в онлайн-формате
Все новости

Архив публикаций

«    Май 2021    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
Оцените работу движка

Наши партнеры

Наверх