Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: Жасотандықтар «30 игі іс» акциясын бастады

«Nur Otan» партиясының жас белсенділері «Biz Birgemiz!» деп аталатын жаңа волонтерлер қозғалысын іске қосты. Бүгін басталған «30 игі іс» республикалық акциясы барысында жасотандықтар елорданың және еліміздің басқа өңірлерінің медицина қызметкерлеріне «алғыс пакеттерін» таратуды ұйымдастырды. Олардың әрқайсында дәрумендерге бай пайдалы өнімдер жиынтығы бар.

Жаңа қозғалыс еліміздің барлық белсенді және жанашыр жастарын бірігуге және волонтерлік қызметпен айналысатындарды қолдауға шақырады. «Жастар-Отанға!» 5 жылдық бағдарламасы аясында волонтерлікке 100 мыңға жуық адам тарту жоспарлануда.

«Біздің волонтерлік қозғалысымыз карантин кезінде азаматтарды қолдау үшін Елбасы, Партия Лидері Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған акцияның атымен аталады. Өткен жылы «Biz Birgemiz!» акциясына 5 мыңнан астам волонтер тартылды. Қазір «30 игі іс» акциясы аясында осы жастармен жүйелі жұмысты жалғастыруды жоспарлап отырмыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев волонтерлік қызметті дамыту, қайырымдылық пен меценаттықты қолдау – мемлекеттің ұзақ мерзімді басымдығы екенін атап өтіп, волонтерлік ұйымдарды қолдау жөніндегі жұмысты жалғастыру қажеттігін айтты», - деді «Jas Otan» жетекшісі Нұржан Жетпісбаев.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеуге орайластырылған «30 игі іс» акциясы шеңберінде әр ай белгілі бір тақырыпқа арналады: мамыр –«Bіrlіk», маусым – «Shapaǵat», шілде – «Baqytty otbasy», тамыз – «Damý», қыркүйек – «Bіlіm», қазан – «Ómіr syıla», қараша – «Sana», желтоқсан – «Egemendіlіk».
Еске сала кетейік, бұған дейін Елбасы, «Nur Otan» партиясының Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша «Birgemiz» қоғамдық қоры 650 мыңнан астам мұқтаж отбасыны, яғни 2,2 млн. қазақстандықты тікелей қаржылық қолдаумен қамтыған болатын.

Қор қаражаты есебінен 2 мыңнан астам медицина қызметкеріне қолдау көрсетіліп, су тасқынынан зардап шеккен Мақтаарал тұрғындарына арнап жаңадан жиырма үй салынды.
Жалпы, #BizBirgemiz акциясы аясында 320 мыңға жуық отбасы азық-түлік себеттерімен және бірінші кезекте қажетті тауарлармен қамтамасыз етілді. Тұрмысы төмен 100 мың отбасына 5 миллион маска тегін таратылды.

Похожие публикации

Лента новостей

11.05.21
Студенттер AIQYN шеберханасында шыңдалмақ
09.05.21
Поздравление Первого Президента Республики Казахстан – Елбасы с Днём Победы
07.05.21
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Отан қорғаушы күнімен құттықтауы
07.05.21
Азаттықтың айбынды алдаспаны
05.05.21
Nur Otan-да Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының жүйелі мәселелерін шешу шаралары қаралды
04.05.21
Nur Otan возьмет на контроль строительство медицинских объектов в регионах
30.04.21
Nur Otan балалар интернаттарында жағдайды жақсарту шараларын қабылдауды талап етеді
30.04.21
Опубликован майский график приема граждан в Nur Otan
29.04.21
Nur Otan 4517 бастауыш партия ұйымында сайлау өткізді
29.04.21
Внедрение трехзвенной системы уголовного правосудия обсудили в «Nur Otan»
27.04.21
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: Жасотандықтар «30 игі іс» акциясын бастады
26.04.21
В Nur Otan озвучили предложения по сдерживанию цен на продукты питания
23.04.21
«Miras» алаңында отандық кинематографияның жай-күйі талқыланды
22.04.21
Обеспечение сёл питьевой водой взяли на контроль в Nur Otan
22.04.21
Сапалы сумен қамтамасыз ету мәселесі Nur Otan-да қатаң сынға алынды
21.04.21
Nur Otan-да биылдың өзінде 1000 мектеп жаңғыртылатыны айтылды
19.04.21
Nur Otan-ның сайлауалды уәделерінің орындалуын 1738 қоғамдық кеңес қадағалайды
16.04.21
Корпус молодых депутатов создали в партии «Nur Otan»
12.04.21
Nur Otan возьмет на контроль ход вакцинации в регионах
12.04.21
Белгілі қоғам қайраткерлері мен журналистер Nur Otan партиясының жаңа кеңестеріне кірді
Все новости

Архив публикаций

«    Июнь 2021    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
Поговорим о сериалах:

Наши партнеры

Наверх