Nur Otan 4517 бастауыш партия ұйымында сайлау өткізді

News«Nur Otan» партиясында есеп беру-сайлау науқаны жүріп жатыр. Бірінші кезең аясында 4517 бастауыш партия ұйымының басшылары сайланып, оларға 566 мыңнан астам адам немесе жалпы партия мүшелерінің 72%-ы дауыс берді.
Партия баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, есеп беру-сайлау науқаны Елбасы, Партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлаудан кейінгі кезеңде жергілікті жерлердегі жұмысты жандандыруға және партияның сайланбалы органдарының кадрлық құрамын жаңартуға қатысты қойған міндеттеріне сәйкес жүргізілуде.
Мәселен, «Nur Otan» бастауыш партия ұйымдарының жаңадан сайланған төрағаларының 39,4%-ы – әйелдер, 20%-ы – 35 жасқа дейінгі жастар.
Әйелдердің өкілдігі 4,4%-ға артса, жастар саны 1,5 есеге өсіп отыр.   Әрбір бесінші БПҰ-ның төрағасы праймериз қатысушысы болып табылады. Олардың қатарында білім беру және денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, үкіметтік емес сектордың өкілдері, қоғам белсенділері және т.б. бар.
Есеп беру-сайлау науқанының келесі кезеңі аумақтық және өңірлік филиалдардың конференциялары болады. Онда партияның Саяси кеңестері мен Бақылау-тексеру комиссияларының құрамы жаңартылады.
Айта кету керек, бұған дейін еліміз бойынша «Nur Otan»-ның өңірлік Саяси кеңестері бюросының отырыстары өтіп, онда әр өңірде, қалада және ауданда сайлауалды уәделердің іске асырылуын бақылау бойынша 1738 жаңа қоғамдық кеңес құрылды.
Олардың құрамына 12 мыңнан аса белсенді, оның ішінде мәслихат депутаттары, партиялық кадрлық резерв өкілдері, өңірде беделді және жергілікті жерлердің түйінді мәселелерін жақсы білетін азаматтар, қоғам белсенділері, сарапшылар және т. б. кірді.
Партия жаңа кеңестердің жұмысы қоғамдық пікірді ескеріп, сондай-ақ партияның қоғамдық қабылдау бөлмелеріне ел көлемінде азаматтардан түскен өтініштерге жасалған талдауға негізделе отырып, жария түрде жүргізілетініне уәде беріп отыр.

Похожие публикации

Лента новостей

11.05.21
Студенттер AIQYN шеберханасында шыңдалмақ
09.05.21
Поздравление Первого Президента Республики Казахстан – Елбасы с Днём Победы
07.05.21
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Отан қорғаушы күнімен құттықтауы
07.05.21
Азаттықтың айбынды алдаспаны
05.05.21
Nur Otan-да Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының жүйелі мәселелерін шешу шаралары қаралды
04.05.21
Nur Otan возьмет на контроль строительство медицинских объектов в регионах
30.04.21
Nur Otan балалар интернаттарында жағдайды жақсарту шараларын қабылдауды талап етеді
30.04.21
Опубликован майский график приема граждан в Nur Otan
29.04.21
Nur Otan 4517 бастауыш партия ұйымында сайлау өткізді
29.04.21
Внедрение трехзвенной системы уголовного правосудия обсудили в «Nur Otan»
27.04.21
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: Жасотандықтар «30 игі іс» акциясын бастады
26.04.21
В Nur Otan озвучили предложения по сдерживанию цен на продукты питания
23.04.21
«Miras» алаңында отандық кинематографияның жай-күйі талқыланды
22.04.21
Обеспечение сёл питьевой водой взяли на контроль в Nur Otan
22.04.21
Сапалы сумен қамтамасыз ету мәселесі Nur Otan-да қатаң сынға алынды
21.04.21
Nur Otan-да биылдың өзінде 1000 мектеп жаңғыртылатыны айтылды
19.04.21
Nur Otan-ның сайлауалды уәделерінің орындалуын 1738 қоғамдық кеңес қадағалайды
16.04.21
Корпус молодых депутатов создали в партии «Nur Otan»
12.04.21
Nur Otan возьмет на контроль ход вакцинации в регионах
12.04.21
Белгілі қоғам қайраткерлері мен журналистер Nur Otan партиясының жаңа кеңестеріне кірді
Все новости

Архив публикаций

«    Июнь 2021    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
Поговорим о сериалах:

Наши партнеры

Наверх