Nur Otan-да Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының жүйелі мәселелерін шешу шаралары қаралды

NewsСоңғы үш жылда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін шешу үшін республикалық бюджеттен 330 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді. Ауқымды қаржыландыру көлеміне қарамастан, жолға, сумен, газбен қамтамасыз етуге, электрлендіруге қатысты шағымдар саны азаймай отыр. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының жүйелі мәселелері мен оларды шешу шаралары «Nur Otan» партиясының Партиялық бақылау комитетінің отырысында талқыланды. 
Партиялық бақылау комитетінің мүшесі Әнуар Ілиясова атап өткендей, желілердің тозуына байланысты судың ағып кетуінен келген шығын жылына 16 млрд. теңгеге жуықтаған. Партиялықтар жүргізген талдау қорытындысы бойынша қалалық жерлердегі тозығы жеткен барлық су құбырлар желісін ауыстыру үшін 20 жыл, ал кәріз желілерін ауыстыруға – 40 жыл қажет екені анықталды. 
Партиялықтардың пікірінше, осындай ахуалдың қалыптасуына тек жосықсыз мердігерлер ғана емес, шенеуніктер де кінәлі. Мысалы, Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Жібек Жолы ауылында газ тарату станциясы 2012 жылы 220 млн. теңгеден астам қаражатқа салынған. Нысанды қабылдау туралы мемлекеттік актіге қол қойылған. Бір жыл өткен соң газ инспекциясы көптеген жөнсіздіктерді анықтаған, алайда аудандық шенеуніктер, жұмсартып айтқанда, бұған қатысты кеш қимылдап отыр. 
«Құрылыс бөлімі тек 7 жыл өткеннен кейін, яғни 2020 жылғы ақпанда ғана мердігерге жөнсіздіктерді жою жөнінде хат жолдаған, ал ол болса, банкротқа ұшыраған. Осынау бюджет қаржысының барлығы құмға құйған судай ағып кеткен, ал газ тарату станциясы пайдалануға беруге жарамсыз деп танылған. Бұл – мемлекеттік қызметшілердің әрекетсіздігі және бюджет қаражатын ысырап ету», – деді Әнуар Ілиясова. 
Нұротандықтардың пікірінше, тағы бір өзекті мәселенің бірі – көп пәтерлі тұрғын үй кешендерін жаңа басқару формасына көшіру мәселесі. Еліміздегі тұрғын үйлердің барлығы 2021 жылдың 7 қаңтарына дейін Пәтер иелері кооперативтерінің (ПИК) орнына Мүлік иелерінің бірлестігін (МИБ) немесе жай серіктестік құруға тиіс болатын. Алайда Партиялық бақылау комитеті бұл бағыттағы жұмыстар шын мәнінде жүргізілмей отыр деп санайды. 
«Тек елорданың өзінде 3 мыңдай тұрғын үй кешені болса, қазіргі уақытта небәрі 260 МИБ қана құрылған. Егер елорданың өзінде осылай жүрсе, өңірлер туралы не айтуға болады? Мұның себебі заңнаманың жетілмегендігінде болып отыр. ПИК-тер қарсылық танытып, құжаттарды, үй-жайларды бермейді, ал бұған жауапкершілік шаралары көзделмеген. Тұрғын үй басқармасы бұл ретте көмек бере алмайды, ПИК-ті де жазалай алмайды, тек кеңес қана бере алады», – деді Әнуар Ілиясова. 
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы қордаланған мәселелерді шешу үшін нұротандықтар иесіз желілерді пайдаланушы ұйымдардың меншігіне өтеусіз беру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Электр қуаты мен жылу тарифтерінің бұдан ары өсуіне жол бермеу үшін Халықаралық қаржы институттарының қаражатын тарта отырып, тозған жабдықтарды ауыстыруға және жаңғыртуға арналған шығынды субсидиялау тетігі арқылы «Нұрлы жер» бағдарламасын пайдалану ұсынылады. Мұнда жобаны 50%-ке дейін қаржыландыру республикалық бюджеттен болуы мүмкін. Ұсынылған тетік тарифке ауыртпалықты азайтып, осы арқылы әлеуметтік тәуекелдерді ескеруге және реттеуге мүмкіндік береді. 
Талқылау қорытындысы бойынша партиялықтар өңірлердегі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың ең проблемалы нысандарына партиялық бақылау комиссиясының нақты мүшелері мен мәслихаттардағы  «Nur Otan» партиясының депутаттарын бекітуді ұсынды. Сонымен қатар, енді өңірлік комиссиялар мемлекеттік органдардың, мердігерлік және пайдаланушы компаниялардың өкілдерін, сондай-ақ жергілікті тұрғындарды шақыра отырып, осындай мәселелерді кем дегенде тоқсан сайын бір рет талқылайтын болады. 
Партияның баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, әрекетсіздігі және тиісті партиялық бақылау жасамағаны үшін Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Дархан Сахановқа, Сарыағаш ауданының әкімі Мұхит Отаршиевке, бірқатар облыстың Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшылары Руслан Тұрғамбаевқа (Түркістан облысы), Ұлантай Үсеновке (Қарағанды облысы), Әділбек Әубәкіровке (Солтүстік Қазақстан облысы) сөгіс жарияланды. Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Асқар Ғабидуллинге партиялық ескерту жасалды.

Похожие публикации

Лента новостей

11.05.21
Студенттер AIQYN шеберханасында шыңдалмақ
09.05.21
Поздравление Первого Президента Республики Казахстан – Елбасы с Днём Победы
07.05.21
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Отан қорғаушы күнімен құттықтауы
07.05.21
Азаттықтың айбынды алдаспаны
05.05.21
Nur Otan-да Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының жүйелі мәселелерін шешу шаралары қаралды
04.05.21
Nur Otan возьмет на контроль строительство медицинских объектов в регионах
30.04.21
Nur Otan балалар интернаттарында жағдайды жақсарту шараларын қабылдауды талап етеді
30.04.21
Опубликован майский график приема граждан в Nur Otan
29.04.21
Nur Otan 4517 бастауыш партия ұйымында сайлау өткізді
29.04.21
Внедрение трехзвенной системы уголовного правосудия обсудили в «Nur Otan»
27.04.21
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: Жасотандықтар «30 игі іс» акциясын бастады
26.04.21
В Nur Otan озвучили предложения по сдерживанию цен на продукты питания
23.04.21
«Miras» алаңында отандық кинематографияның жай-күйі талқыланды
22.04.21
Обеспечение сёл питьевой водой взяли на контроль в Nur Otan
22.04.21
Сапалы сумен қамтамасыз ету мәселесі Nur Otan-да қатаң сынға алынды
21.04.21
Nur Otan-да биылдың өзінде 1000 мектеп жаңғыртылатыны айтылды
19.04.21
Nur Otan-ның сайлауалды уәделерінің орындалуын 1738 қоғамдық кеңес қадағалайды
16.04.21
Корпус молодых депутатов создали в партии «Nur Otan»
12.04.21
Nur Otan возьмет на контроль ход вакцинации в регионах
12.04.21
Белгілі қоғам қайраткерлері мен журналистер Nur Otan партиясының жаңа кеңестеріне кірді
Все новости

Архив публикаций

«    Июнь 2021    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
Оцените работу движка

Наши партнеры

Наверх