Студенттер AIQYN шеберханасында шыңдалмақ

Бүгін астанадағы Лев Гумелев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 25 жылдығына орай Журналистика және саясаттану факультетінде республикалық AIQYN қоғамдық-саяси газетінің арнайы аудиториясы мен «Медиадизайн» зертханасы ашылды.

Айқын, AIQYN газеті, аудитория, журналистика, Еуразия ұлттық университеті,
Аудитория келешек журналист кадрларды дайындауға септеспек. Екіжақты келісім аясында іске асқан жобаны толықтай газет ұжымы қаржыландырды. Енді алдағы уақытта арнайы аудиторияда оқу үдересіндегі дәрістер мен семинарлар өткізіледі. Шараға Сенат депутаттары мен қоғам қайраткерлері, ардагер журналистер мен БАҚ өкілдері қатысты. 
Жалпы, отандық және халықаралық ақпарат кеңістігінде білікті медиамамандар дайындауда оқу ордасы алдыңғы қатарда келеді. Журналистика және саясаттану факультетінен осы кезеңге дейін Ұлттық ғылым академиясының 1 академигі, журналистика бойынша 4 академик, 12 ғылым докторы, 24 ғылым кандидаты мен 5 PhD докторы шыққан. Осының өзі факультеттің нәтижелі жұмысының арқасы болса керек.
Баспасөз бен баспа ісі кафедрасының негізін 1998 жылы белгілі ғалым, профессор Ақселеу Сейдімбек қалаған. Қазіргі кезде факультетте 700-ден астам студент білім алып жатыр. Ал олардың мықты маман ретінде қалыптасуында басылымдардың ықпалы зор. Мәселен, AIQYN газетінің арнайы аудиториясы ашыларда алғаш болып сөз алған университеттің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры Дихан Қамзабекұлы ақпарат құралдарының ел дамуындағы маңызын ерекше атап өтті.
 
Фото: Айтжан Мұрзанов
 
– Университет ширек ғасырлық межені аттағалы тұр. Осы білім саласында жүріп өткен жолымыздың оңынан болуы тікелей баспасөз құралдарының арқасында екені рас. Халықпен, елмен байланысты нығайтып, істеген істің нәсихатталуына ақпарат саласының өкілдері септігін тигізіп отыр. Жалпы, журналистика және саясаттану факультетінің атауынан аңғарғандай, біз аталған екі саланы бір бағдарда көреміз. Яғни, елдің дамуында ақпараттық саясаттың маңызы зор. Ал AIQYN газетін елдегі ұлттық басылымдардың бірі ретінде тануға болады. Газеттің алғашқы саны шыққаннан-ақ халықтың жылы қабылдағаны есімізде. Осы күнге дейін білікті азаматтардың атсалысуымен үлкен қалыптасу, даму кезеңінен өтті. Қазір бұл басылым аналитика, тақырыптарды талдау бағытына түсті. Мұның өзі дамудың жалғасып жатқанын аңғартады. Университет ұжымы үшін де басылым білім мен ғылымның алтын көпірі іспетті, – дейді Дихан Қамзабекұлы.
 
Фото: Айтжан Мұрзанов
«Медиадизайн» зертханасында журналистика, баспа ісі білім беру бағдарламалары бойынша безендіру программаларын үйренуге, студенттердің жаттығу газеттері мен кітаптарын шығаруға жағдай жасалған. Зертханада дизайн жасауға қабілетті жаңа компьютер кешені, баспа өнімдерін дайындайтын түрлі құралдар мен принтерлер, сондай-ақ студенттердің шығармашылық жұмыстарынан жасалған көрме қойылған. Ал Парламент Сенатының депутаты Алтынбек Нұқұлы болса, мұндай зертханалар келешекте күрделі мәселелерді шешуге атсалысуы мүмкін екенін айтады.
 
Фото: Айтжан Мұрзанов

– Қазір әлеуметтік желі мен басылымдар жұмысы түпкілікті өзгеріп жатыр десек болады. Бар проблеманы шеше білу, оның жолдарын көрсетіп, жұмыс атқара білу ақпарат құралдарының парызы тәрізді. Сондықтан білім ордаларында баспасөз шеберханаларының болғаны жаңа баспалдақтың қалыптасып келе жатқанын байқатады. Халықтың көкейіне қонып, көз қуанышы болар дүниелер жазыла бергені жөн, – дейді ол.

17 жылдық тарихы бар AIQYN газетіне әр жылдары Серік Жанболат, Бауыржан Омарұлы, Нұртөре Жүсіп жетекшілік етіп, жаңа деңгейге жеткізген болатын. Соның арқасында газет ұжымы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығын иеленіп, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі тағайындаған «Үркер» ұлттық сыйлығының екі мәрте лауреаты атанды. Қазіргі уақытта газеттің бас редокторы – «Болашақ» бағдарламасының түлегі Нұрмұхамед Байғара. Бүгінгі күні басылым саясат пен қоғамның өзекті мәселелерін сараптау бағытына бет бұрды. Ашылу салтанатында бас редактор қазақтың кәсіби баспа саласының негізін қалаған Алаш арыстары мен бүгінгі медиадағы трендтерді бір аудитоия ішінде қамтуға тырысқанын жеткізді.
 
Фото: Айтжан Мұрзанов

– Бұл бастама былтыр ойға келген болатын. Білім ордаларында телеарналардың аудиториясы бар да, газеттердің аудиториясы неге жоқ деген сауал туды. Мұндай ұсынысты лезде қолдадық. Жалпы, ұжымның өзі тірі организм тәрізді. Біреу келіп, біреу кетіп жатады. Бірақ сапалы маман әр кезде де қажет. Ал оларды дайындайтын мықты шеберханалар болуы тиіс. Еуразия ұлттық университеті секілді іргелі ұстаханада маман дайындау ісінде енді AIQYN-ның да үлесі болмақ. Болашақта білікті қаламгер болып, сараптауды жетік білетін жастар көбейе берсін! Қай жағынан алсақ та, қоғамның проблемасын, шындықты ашық жазатын, азаматтық ұстанымы бар, принципшіл журналистер тәрбиеленіп шығатынына үмітіміз бар. Белді басылым ретінде AIQYN газеті де ақпарат саласында білім алып жатқан жастарды қолдауға дайын. Сол үшін университетпен кешенді байланыс орнатамыз, – деді Нұрмұхамед Байғара.

 

Сондай-ақ аудиторияда Adove Premiere, InDesign, CorelDRAW, Adove Photoshop  лицензияланған бағдарламалары бар.
 
Фото: Айтжан Мұрзанов
Онда «Web дизайн негіздері», «Баспа және онлайн БАҚ дизайны», «Мерзімді басылымдар дизайны», «Фотожурналистика» пәндері бойынша тәжірибелік және зертханалық сабақтар жүргізіледі. Студенттердің шығармашылық шеберлігін ғана емес, ақпараттық технология мүмкіндіктерін игеруге бағытталған зертхана болашақта әмбебап мамандар дайындауға қызмет етпек.
Мадияр ТӨЛЕУ 



Похожие публикации

Лента новостей

11.05.21
Студенттер AIQYN шеберханасында шыңдалмақ
09.05.21
Поздравление Первого Президента Республики Казахстан – Елбасы с Днём Победы
07.05.21
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Отан қорғаушы күнімен құттықтауы
07.05.21
Азаттықтың айбынды алдаспаны
05.05.21
Nur Otan-да Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының жүйелі мәселелерін шешу шаралары қаралды
04.05.21
Nur Otan возьмет на контроль строительство медицинских объектов в регионах
30.04.21
Nur Otan балалар интернаттарында жағдайды жақсарту шараларын қабылдауды талап етеді
30.04.21
Опубликован майский график приема граждан в Nur Otan
29.04.21
Nur Otan 4517 бастауыш партия ұйымында сайлау өткізді
29.04.21
Внедрение трехзвенной системы уголовного правосудия обсудили в «Nur Otan»
27.04.21
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: Жасотандықтар «30 игі іс» акциясын бастады
26.04.21
В Nur Otan озвучили предложения по сдерживанию цен на продукты питания
23.04.21
«Miras» алаңында отандық кинематографияның жай-күйі талқыланды
22.04.21
Обеспечение сёл питьевой водой взяли на контроль в Nur Otan
22.04.21
Сапалы сумен қамтамасыз ету мәселесі Nur Otan-да қатаң сынға алынды
21.04.21
Nur Otan-да биылдың өзінде 1000 мектеп жаңғыртылатыны айтылды
19.04.21
Nur Otan-ның сайлауалды уәделерінің орындалуын 1738 қоғамдық кеңес қадағалайды
16.04.21
Корпус молодых депутатов создали в партии «Nur Otan»
12.04.21
Nur Otan возьмет на контроль ход вакцинации в регионах
12.04.21
Белгілі қоғам қайраткерлері мен журналистер Nur Otan партиясының жаңа кеңестеріне кірді
Все новости

Архив публикаций

«    Июнь 2021    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
Поговорим о сериалах:

Наши партнеры

Наверх