Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Қазақстан» әніне бейнебаян түсірілді

2021 06 29 16 18 07

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Nur Otan» партиясының тапсырмасымен «Астана» телеарнасы «Қазақстан» атты жаңа ән жазып, бейнебаян түсірді. Ән авторлары – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Маржан Арапбаева (музыкасы) мен айтыскер ақын Сырым Әуезхан (сөзі).

Ақын сөзі  Тәуелсіз елдің тарихын тоқырау жылдарынан  осы кезге дейін жігерімен жетектеп жеткізген Елбасының еңбегіне алғыс айтып, мызғымас бірлігіміздің беріктігі жетістіктерге жетелерін айта отырып, тыңдаушыны жақсылықты көре білуге,  өткенге көз жүгірте отырып, болашаққа сеніммен қарауға шақырады.
Мағыналы тексті ырғағы белсенді, диапазоны кең, көңілді шарықтатар әсерлі музыка толықтырып тұр.
Әннің бейнебаянында Азаттықтың алғашқы 30 жылында өндірісте, білім мен ғылымда, спорт пен медицинада, әскери салада жеткен жетістіктерді, шегенделген шекарамыз бен тәуелсіз Қазақ елінің туы тігілген Алматы мен елордасы Нұр-Сұлтанның, Түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістанның даму жолы көрсетілді.
Бейнебаянның түсіріліміне көпұлтты мемлекеттегі татулықтың ұйытқысы болған Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, әлемдік білімге жол ашқан «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлектері, «Біз Біргеміз!» акциясы шеңберінде жұмыс атқарған волонтерлар қатысты.
Бейнебаянда көрсетіліп жатқан оқиғалар Тұңғыш Президент -Елбасының тарихи сәттерде сөйлеген сөздерімен байланыстырылған.
Әнді елімізге танымал әншілер М.Арапбаева, Ж.Ауыпбаев, З.Омарова, Е.Айдар, С.Ибрагимов, С.Дәулетхановалар  мен «Айналайын» балалар хоры орындады.
Авторлар ерлік пен елдіктің өнегесін насихаттап, бірлікке шақырып, рухты көтеретін бұл туынды алдағы уақытта халық арасында кең таралып, Тәуелсіздіктің 30 жылдығының бейресми әнұранына айналатынына сенімді.

Похожие публикации

Лента новостей

10.07.21
Коллективу радиостанции «N-S» Холдинга «NUR Media» представили нового руководителя
10.07.21
«NUR Media» холдингінің «N-S» радиосына жаңа басшы тағайындалды
09.07.21
Казахстанцы стали счастливее россиян – мировое исследование
09.07.21
Праймериз «Nur Otan»: соседи начали перенимать успешный опыт Казахстана
09.07.21
Nur Otan алаңында мектептердегі сабақ кестесін өзгерту ұсынылды
08.07.21
В Nur Otan рассмотрели меры по защите прав медработников
07.07.21
Мыңнан астам кездесу: Nur Otan-нан сайланған мәжілісмендер шалғай елді мекендерге аттанды
07.07.21
Nur Otan алаңында кедергісіз қалалық инфрақұрылым құру мәселелері көтерілді
06.07.21
«Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Әлемдік саяси партиялар көшбасшыларының саммитіне қатысты
03.07.21
Комитет партийного контроля Nur Otan признал неудовлетворительной работу Минтруда и Миннацэкономики в рамках программы «Еңбек»
02.07.21
В Nur Otan утвердили Реестр экологических проблем национального и регионального уровней
29.06.21
Благодаря Елбасы главный город Казахстана стал центром ОИС
29.06.21
Nur Otan-да ауыл шаруашылығын субсидиялау мәселелері қаралды
29.06.21
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Қазақстан» әніне бейнебаян түсірілді
28.06.21
Эффективность программ по поддержке молодых предпринимателей рассмотрели в Nur Otan
25.06.21
Nur Otan-да ғылыми-реставрациялық жұмыстардың олқылықтары айтылды
24.06.21
«Nur Otan»-да «Nur Sunqar»-дың қорытындысы шығарылды
24.06.21
В «Nur Otan» подвели итоги «Nur Sunqar»
23.06.21
Меры по стабилизации цен на продовольственные товары рассмотрели в Nur Otan
23.06.21
Нұрлыбек Ожаев Nur Otan партиялық тізімі бойынша Парламент Мәжілісінің депутаты болды
Все новости

Архив публикаций

«    Август 2021    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
Оцените работу движка

Наши партнеры

Наверх