«Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Әлемдік саяси партиялар көшбасшыларының саммитіне қатысты

NewsҚазақстанның Тұңғыш Президенті бейнеконференция режімінде Қытай Коммунистік партиясының 100 жылдығына арналған Әлемдік саяси партиялар көшбасшыларының саммитіне қатысты.
Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинге бұл саяси іс-шараға  қатысуға   шақырып, сөз бергені үшін ризашылық білдірді.
– Бүгінгі саммиттің «Халықты бақытқа бастау – саяси партиялардың жауапкершілігі» атты тақырыбы өте өзекті, ол мен басқаратын «Nur Otan» саяси партиясы жұмысының негізгі мәнін көрсетеді.  Биыл менің елімнің тәуелсіздігіне 30 жыл толады. Басты саяси күш ретінде біз алғашқы күннен бастап партияның негізгі басымдықтарын айқындап алдық: халық пен тұтас қоғамның әл-ауқатын арттыра алмаса – партияның жеңістері мен жетістіктерінің құндылығы болмас еді, – деді Елбасы.
Елбасы Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктеріне ерекше тоқталып, оған көбіне «Nur Otan» партиясына отандастарымыздың тарапынан көрсетілген сенім мен қолдаудың арқасында қол жеткенін атап өтті.
– Біз әлеуметтік бағдар ұстанған ел ретінде азаматтардың лайықты тұрмысы мен Қазақстанның жаңғыруын қамтамасыз ету жұмысын әрі қарай жалғастырамыз. Біздің мақсатымыз – 2050 жылы әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылу, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сонымен қатар Елбасы Қытай тарапы бастамашы болған саяси бірлестіктер деңгейіндегі көпжақты диалогқа арналған жаңа тұғырнаманы дамыту туралы өз ойын ортаға салды.
– Covid-19 пандемиясы жаһандық сын-қатерлерді халықаралық әріптестік пен бір-бірімізді қолдау арқылы ғана тиімді еңсере алатынымызды тағы бір мәрте дәлелдеді. Бұл тұста саяси партиялар маңызды рөл атқара алады және атқаруы керек. Осы орайда халықаралық қатынастардың қазіргі моделі тең құқыққа, барлық тараптардың дәстүрлерін, құндылықтары мен ерекшеліктерін құрметтеуге негізделуге тиіс екені анық, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.
«Nur Otan» партиясының төрағасы қазір әлемнің барлық елдері арасында Covid-19-ға қарсы вакциналарды біркелкі және әділ тарату ісінде кооперациялық тәсілді пайдалану қажеттігін айтты.
Елбасы сондай-ақ саяси партиялардың жаһандық сын-қатерлерді барынша азайту және дамудағы теңсіздікті азайту бағытындағы жұмысының маңыздылығын атап өтті.
– Әлемде біздің аудиторияның үні әлдеқайда айқын әрі қаттырақ естілгені жөн. Атап айтқанда, саяси партиялар геосаяси шиеленісті еңсеруге үлес қосу үшін өзара ықпалдастықты арттыра түсуі керек деп санаймын, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Соңында Елбасы «Nur Otan» партиясы мен Қытай Коммунистік партиясы Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы мәңгілік жан-жақты стратегиялық серіктестікті нығайтуға зор үлес қосып жатқанын айтты.

Еlbasy.kz



Похожие публикации

Лента новостей

10.07.21
Коллективу радиостанции «N-S» Холдинга «NUR Media» представили нового руководителя
10.07.21
«NUR Media» холдингінің «N-S» радиосына жаңа басшы тағайындалды
09.07.21
Казахстанцы стали счастливее россиян – мировое исследование
09.07.21
Праймериз «Nur Otan»: соседи начали перенимать успешный опыт Казахстана
09.07.21
Nur Otan алаңында мектептердегі сабақ кестесін өзгерту ұсынылды
08.07.21
В Nur Otan рассмотрели меры по защите прав медработников
07.07.21
Мыңнан астам кездесу: Nur Otan-нан сайланған мәжілісмендер шалғай елді мекендерге аттанды
07.07.21
Nur Otan алаңында кедергісіз қалалық инфрақұрылым құру мәселелері көтерілді
06.07.21
«Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Әлемдік саяси партиялар көшбасшыларының саммитіне қатысты
03.07.21
Комитет партийного контроля Nur Otan признал неудовлетворительной работу Минтруда и Миннацэкономики в рамках программы «Еңбек»
02.07.21
В Nur Otan утвердили Реестр экологических проблем национального и регионального уровней
29.06.21
Благодаря Елбасы главный город Казахстана стал центром ОИС
29.06.21
Nur Otan-да ауыл шаруашылығын субсидиялау мәселелері қаралды
29.06.21
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Қазақстан» әніне бейнебаян түсірілді
28.06.21
Эффективность программ по поддержке молодых предпринимателей рассмотрели в Nur Otan
25.06.21
Nur Otan-да ғылыми-реставрациялық жұмыстардың олқылықтары айтылды
24.06.21
«Nur Otan»-да «Nur Sunqar»-дың қорытындысы шығарылды
24.06.21
В «Nur Otan» подвели итоги «Nur Sunqar»
23.06.21
Меры по стабилизации цен на продовольственные товары рассмотрели в Nur Otan
23.06.21
Нұрлыбек Ожаев Nur Otan партиялық тізімі бойынша Парламент Мәжілісінің депутаты болды
Все новости

Архив публикаций

«    Август 2021    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
Оцените работу движка

Наши партнеры

Наверх