«Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Бауыржан Байбекті қабылдады

NewsКездесуде «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын әрі қарай жүзеге асыру мәселелері, сондай-ақ ауыл әкімдерін алғашқы тікелей сайлау нәтижесі талқыланды.
– Биыл партия бірнеше маңызды науқан өткізді: біз Парламент Мәжілісінің сайлауына қатысып, жеңіске жеттік. Сондай-ақ тарихымызда алғаш рет ауыл әкімдерінің сайлауы өтті. Партияның орталық аппараты мен филиалдары жергілікті жерлерде ауқымды жұмыс атқарды. Қараша айында партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысын өткізу жоспарланып отыр. Онда өткен науқандардың қорытындысы бойынша көзге түскен партия белсенділерінің еңбегін атап өтуіміз керек, – деді Елбасы.
«Nur Otan» партиясының Төрағасы халықпен тығыз байланыста жұмыс істеуді жалғастыру керектігін айтып, сайлауалды уәделердің жүзеге асуын қадағалаудың маңыздылығына тоқталды.
– Жұртшылықпен жұмысты жалғастырған жөн. Олардың мәселелерін білу, атқарушы билік органдарына жеткізу және шешімін табуын қадағалау қажет. Партия беделін нығайтуды әрі қарай жалғастыру керек, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. 
Б.Байбек ауыл әкімдерін сайлау нәтижелерін баяндады, сондай-ақ «Nur Otan» мүшелері мен электораттың бұл процеске белсене атсалысқанын атап өтті.
– Ауыл әкімдерін тікелей сайлаудың қорытындысы бойынша біздің партияның өкілдері округтердің 86 пайызында жеңіске жетті. Партия арқылы сайланғандардың 35 пайызы жаңадан келгендер. Жалпы әкімдер корпусы 50 пайызға жаңарды. Олардың орташа жасы – 46, әйелдер – 11 пайызды, жастар – 14 пайызды құрады, – деді «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары.
Б.Байбектің мәліметі бойынша жыл басынан бері партияның қоғамдық қабылдауларына 103 мыңнан астам адам хабарласып, 20 мың азамат қабылданды. Сондай-ақ өңірлерде қоғамдық кеңестер арқылы түскен 4,5 мыңнан астам өзекті әлеуметтік мәселе партияның бақылауына алынды.
Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа сайлауалды индикаторлардың орындалу барысы туралы есеп берілді. Сондай-ақ партияның жастарды және халықтың әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған топтарын қолдау шаралары, өңірлерде партиялық бақылауды қамтамасыз ету қызметі туралы ақпарат ұсынылды.
Соңында Елбасы партияның орталық аппараты мен өңірлік филиалдарына Саяси кеңестің кеңейтілген отырысын өткізуге жан-жақты дайындық жүргізуді тапсырды.
Elbasy.kz

Похожие публикации

Лента новостей

14.09.21
Сборная Казахстан вошла в восьмерку сильнейших команд на Всемирной шахматной Олимпиаде
14.09.21
«АSTANA» телеарнасының ұжымына жаңа бас директор таныстырылды
10.09.21
#BizBirgemiz: Нұротандықтар 40 мыңнан астам баланы мектепке даярлауға көмектесті
10.09.21
Более 100 жителей из Косшы обратились в Nur Otan
10.09.21
«Мектеп, аурухана, балабақшалар жайы». Nur Otan берілген уәделерді қалай орындауда
09.09.21
116 тысяч обращений приняли с начала года в Nur Otan
08.09.21
Елбасы БҰҰ Бас Ассамблеясының жоғары деңгейдегі пленарлық отырысына қатысушыларға үндеу жолдады
08.09.21
Елбасы Нурсултан Назарбаев обратился к участникам пленарного заседания Генеральной Ассамблеи ООН высокого уровня
07.09.21
Nur Otan-да әлеуметтік тұрғын үйлер сапасына қатысты шағымдар қаралды
03.09.21
Nur Otan обеспечит системный общественный контроль реализации Послания Президента
02.09.21
Послание Главы государства Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана
02.09.21
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
02.09.21
Nur Otan-нан сайланған Мәжіліс депутаттары халықпен 1370 кездесу өткізді
01.09.21
Nur Otan помог 80 тысячам семей, оказавшимся в сложной жизненной ситуации
31.08.21
Nur Otan Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының өңірлерде орындалуын тексерді
31.08.21
Кто из министров проведет прием граждан на площадке Nur Otan в сентябре
26.08.21
Председатель партии «Nur Otan» принял Бауыржана Байбек
26.08.21
«Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Бауыржан Байбекті қабылдады
25.08.21
Nur Otan ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға қолдау көрсетеді
25.08.21
Nur Otan поддержит семьи, воспитывающие детей с особыми потребностями
Все новости

Архив публикаций

«    Сентябрь 2021    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
Поговорим о сериалах:

Наши партнеры

Наверх