«АSTANA» телеарнасының ұжымына жаңа бас директор таныстырылды


Бүгін «Nur Otan» партиясының хатшысы Әлібек Әлденей «АSTANA» телеарнасының ұжымына жаңа бас директорды таныстырды. Жаңа басшы бұрын «NUR Media» холдингі бас директорының орынбасары қызметін атқарған Әзизхан Әбілдинов.

Ә.Әлденей телеарнаның бұрынғы басшысы Құрманбек Жұмағалидың атқарған жұмысын атап өтті. Телеарна Қ. Жұмағалидің басшылығымен 2020-2021 жылдары еліміздің жетекші телеарналарының ТОП-4-іне енді. Биылғы жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша телеарнаның орташа үлесі жалпы телебағдарламаның 10%-ын құрайды. Телеарнаның материалдық-техникалық базасы жаңартылды.

«Nur Otan» партиясының қолдауымен 2020-2021 жылдары Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай бірқатар табысты медиажобаларды іске асырды. Бұл «Тәуелсіздіктің 7 қыры» фильмдер топтамасы, «Быть первым», «Без права на ошибку», «Өмір-дастан» роликтері, «Из первых уст» интерактивті бағдарламасы, «Қазақстан» музыкалық клипі. Тележобаларда Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде Қазақстанның қалыптасуындағы Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тарихи рөлін ашуға ерекше назар аударылған.

Ә. Әлденей «Астана» телеарнасының жаңа басшысы Әзизхан Әбілдиновті таныстыра отырып, оның 2017 жылдан бастап «Nur Media» холдингінде БАҚ мәселелерімен айналысқанын атап өтті. Сонымен қатар, ҚР Президенті Әкімшілігінде, орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда жұмыс істегенін айтты. Оның тікелей қатысуымен «Nur Media» холдингінде бірқатар интернет жобалар құрылды.

«Nur Otan» партиясының хатшысы қазіргі таңда «АSTANA» телеарнасына маңызды міндеттер қойылып отырғанын айтты. Телеарнаның жоғары рейтінгін, қаржылық көрсеткіштерін және табыстылығын сақтап қалу қажет. «Nur Otan» партиясының және мемлекеттік саясаттың басымды бағыттарын тиімді насихаттауды қамтамасыз ету. Телеарнаның жаңалықтары өзекті және халықтың шынайы проблемаларын көрсетуі керек. Мұның бәрі жаңа басшының менеджементтік тиімділігінің көрсеткіші болмақ.

Похожие публикации

Лента новостей

10.11.21
Новым руководителем ТОО «Литер-Айқын» стал Бакытжан Турлыбеков
10.11.21
«Айқын-Литер» ЖШС-ның жаңа директоры тағайындалды
29.10.21
Актуальные вопросы развития моногородов рассмотрели в Nur Otan
29.10.21
Действующие меры по борьбе с распространением наркотиков малоэффективны - Молодежный совет Nur Otan
26.10.21
Бауыржан Байбек проверил исполнение предвыборных обещаний в Алматинской области
22.10.21
Nur Otan: Законопроект по вопросам здравоохранения следует пересмотреть
21.10.21
Строительство школ и больниц на особом контроле Nur Otan
19.10.21
Nur Otan: Дәрі-дәрмектерге салықтық жеңілдіктерді алып тастау бағаны күрт өсіреді
18.10.21
Бауыржан Байбек Маңғыстауда сайлауалды уәделердің орындалуын тексерді
12.10.21
Качество работы портала социальных услуг обсудили в Nur Otan
09.10.21
Бауыржан Байбек Түркістанда сайлауалды бағдарламаның іске асырылуымен танысты
08.10.21
«23% орындалды». Б.Байбек сайлауалды уәделердің Шымкентте іске асырылуын тексерді
06.10.21
В Nur Otan озвучили итоги проверки детских интернатов
05.10.21
Nur Otan алаңында құқық қорғау жүйесінде болатын жаңа өзгерістер жайлы айтылды
04.10.21
«Не допустить роста цен». В Nur Otan дали рекомендации Минсельхозу и акиматам
04.10.21
В Nur Otan рассмотрели исполнение программы по противодействию коррупции в ВКО
30.09.21
Jas Otan возобновит рейтинг учебных заведений по состоянию общежитий
29.09.21
Бауыржан Байбек Қарағанды облысында сайлауалды уәделердің орындалуын тексерді
28.09.21
«Nur Otan» мен Қазақстан Жазушылар одағы «Ұлы дала» байқауын өткізеді
24.09.21
Бауыржан Байбек проверил реализацию предвыборной программы в СКО
Все новости

Архив публикаций

«    Декабрь 2021    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
Поговорим о сериалах:

Наши партнеры

Наверх