Nur Otan алаңында құқық қорғау жүйесінде болатын жаңа өзгерістер жайлы айтылды

NewsПолицияның сервистік модельге көшуі, сот жүйесіне жаңа кәсіби кадрларды тарту және сот төрелігін жүзеге асыру процесіне жасанды интеллект енгізу. «Әділетті құқық қорғау жүйесі» бағыты бойынша партияның сайлауалды бағдарламасын іске асырудың осы және басқа да тармақтары «Nur Otan» жанындағы Құқықтық кеңестің кезекті отырысында талқыланды.
Ішкі істер министрінің орынбасары Мұрат Баймұқашев партияның сайлауалды уәделерін іске асыру аясында полицейлердің, атап айтқанда, әскери-тергеу бөлімшелері қызметкерлерінің жалақысы – 55%-ке, қатардағы және кіші басшы құрамның жалақысы – 33%-ке артқанын айтты. Сондай-ақ, тұрғын үй мәселесін шешуге көмектесуде тұрғын үйді жалдау үшін өтемақы алуға құқығы бар лауазымдар тізімі кеңейтілді. 
«Ол тізімге кезекші бөлімдердің, айдауыл және кинологиялық қызмет бөлімшелерінің, патрульдік полиция бөлімшелерінің қызметкерлері, жалпы алғанда 8 мыңнан астам қызметкер қосымша енгізілген. Бүгінгі таңда бұл әлеуметтік кепілдікпен ішкі істер органдары қызметтерінің 72%-тен астамы немесе шамамен 24 мың адам қамтылған. Сонымен қатар, өтемақы тұрғын үй төлемдерінің тетігіне ауыстырылды, яғни ипотека немесе тұрғын үйді кейіннен сатып алу арқылы жалға алу», - деді Мұрат Баймұқашев.
Бұдан басқа, партияның сайлауалды бағдарламасы аясында «полицияның қадамдық қолжетімділігі» қағидатын қамтамасыз ету үшін Ішкі істер министрлігі әкімдіктермен бірлесіп жаңа учаскелік полиция пункттерінің құрылысын жалғастыруда. Алайда, биыл жоспарланған 78 учаскелік полиция пунктінің 26-сы ғана ашылды.
«Учаскелік полиция пункттерінің құрылысы, сондай-ақ, оны қаржыландыру жергілікті бюджеттің меншігінде. Біз жергілікті мәслихаттар мен әкімдіктердің шешімдеріне тәуелдіміз. Ішкі істер министрлігі өз тарапынан 2023 жылға дейін өңір әкімдерімен тиісті меморандумдар жасасты», - деді Мұрат Баймұқашев.
Кеңес мүшесі, Мәжіліс депутаты Гүлнар Бижанова Ішкі істер министрлігі жергілікті жерлердегі бюджет мәселелерін шешуде үйлестіруші рөл атқармаса, онда жаңа учаскелік пункттер пайда болмайды деп атап өтті. Бұл, әсіресе, ауылдық жерлерде өткір мәселе дейді халық қалаулысы.
«Бір учаскелік полиция инспекторы 3-4 ауылға қызмет көрсетеді және олардың ешқайысында өзінің жеке баспанасы жоқ, көп жағдайда ол басқа жақтан көшіп келген адам. Оған әкімдіктің ғимаратынан кеңсе беріледі. Ал тұратын баспанасы, қарапайым ғана тұрмыстық жағдайдың өзі қарастырылмаған. Кейбір ауылдарда оған тұратын жердің орнына фермерлік шаруашылық ұсынылған. Бұл мүлдем дұрыс емес», - деді Гүлнар Бижанова.
Өз кезегінде судья қызметіне үміткерлерді іріктеудің жаңа тәртібі туралы Жоғары Сот Кеңесі аппараты басшысының орынбасары Наиль Алмабаев айтып өтті. Оның айтуынша, биыл үміткерлердің жеке қасиеттеріне қойылатын талаптарды айқындайтын Судьялар құзыреттілігінің бірыңғай шеңбері енгізген. 
«Партияның сайлауалды бағдарламасына сәйкес, судьялар корпусына кәсіби кадрларды тарту мақсатында біз конкурстық іріктеу рәсімін жүргіздік, атап айтқанда, 10 жылдан астам заңды өтілі бар кандидаттар үшін алдыңғы 11 пәннің орнына 8 пән бойынша емтихан өткізіледі. Кандидаттарды іріктеу кезінде салық салу, жер қойнауын пайдалану, зияткерлік меншік, корпоративтік құқық салаларындағы жұмыс тәжірибесі бар тұлғаларға басымдық беріледі»,- деді Наиль Алмабаев.
Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Асылбек Мусралинов Кеңес мүшелеріне судьялардың жұмысына жасанды интеллектті енгізу жұмысы бойынша айтып берді. Бұл да «Nur Otan»-ның сайлауалды бағдарламасында қарастырылған. Аталған жүйе сот практикасының біркелкілігін және прецеденттік құқықты енгізуді қамтып қана қоймай, сот актілерінің барынша ашықтығы мен қолжетімділігін де қамтамасыз етеді деп жоспарлануда.
«Судья қалыптасқан сот практикасына қайшы келетін шешім қабылдаған жағдайда, жүйе Жоғарғы сотқа дереу хабарлайды. Осылайша, біз қажет болған жағдайда, барлық өңірлердегі төменгі соттар шешім қабылдаған кезде аномалияларға мән беретін боламыз», – деді Асылбек Мусралинов.
Отырыс қорытындысы бойынша партия мүшелері Ішкі істер министрлігіне Алматы облысындағы 180-ге жуық ауылдық округтік полиция учаскелерінің тұрғын үймен бірге ашылғанын мысалын келтірді. Бұл оң тәжірибені барлық аймақтарға қолдану керек, деп түйіндеді Кеңес мүшелері. Сонымен қатар, кеңесте бірқатар ұсынымдар мен ұсыныстар тұжырымдалды, олар уәкілетті ведомстволар мен жергілікті атқарушы органдарға жіберіледі.

Похожие публикации

Лента новостей

26.10.21
Бауыржан Байбек проверил исполнение предвыборных обещаний в Алматинской области
22.10.21
Nur Otan: Законопроект по вопросам здравоохранения следует пересмотреть
21.10.21
Строительство школ и больниц на особом контроле Nur Otan
19.10.21
Nur Otan: Дәрі-дәрмектерге салықтық жеңілдіктерді алып тастау бағаны күрт өсіреді
18.10.21
Бауыржан Байбек Маңғыстауда сайлауалды уәделердің орындалуын тексерді
12.10.21
Качество работы портала социальных услуг обсудили в Nur Otan
09.10.21
Бауыржан Байбек Түркістанда сайлауалды бағдарламаның іске асырылуымен танысты
08.10.21
«23% орындалды». Б.Байбек сайлауалды уәделердің Шымкентте іске асырылуын тексерді
06.10.21
В Nur Otan озвучили итоги проверки детских интернатов
05.10.21
Nur Otan алаңында құқық қорғау жүйесінде болатын жаңа өзгерістер жайлы айтылды
04.10.21
«Не допустить роста цен». В Nur Otan дали рекомендации Минсельхозу и акиматам
04.10.21
В Nur Otan рассмотрели исполнение программы по противодействию коррупции в ВКО
30.09.21
Jas Otan возобновит рейтинг учебных заведений по состоянию общежитий
29.09.21
Бауыржан Байбек Қарағанды облысында сайлауалды уәделердің орындалуын тексерді
28.09.21
«Nur Otan» мен Қазақстан Жазушылар одағы «Ұлы дала» байқауын өткізеді
24.09.21
Бауыржан Байбек проверил реализацию предвыборной программы в СКО
23.09.21
Бауыржан Байбек Ақмола облысында сайлауалды уәделердің орындалуын тексерді
21.09.21
В Nur Otan рассказали о добрых поступках своих депутатов
18.09.21
120 деревьев высадили сотрудники Nur Otan в столице
14.09.21
Сборная Казахстан вошла в восьмерку сильнейших команд на Всемирной шахматной Олимпиаде
Все новости

Архив публикаций

«    Октябрь 2021    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Поговорим о сериалах:

Наши партнеры

Наверх