Асқар Мамин: Nur Otan – халықтың мұң-мұқтажын жете түсінеді

Премьер-министр Асқар Мамин Nur Otan партиясының Саяси кеңес отырысында Елбасының тапсырмасы бойынша қолға алынған әлеуметтік шаралар елімізде қалай іске асырылып жатқанын тілге тиек етті.

– Елбасының тікелей бастамасымен құрылған Nur Otan партиясы тарихи тұрғыда қысқа мерзімнің ішінде еліміздің алдыңғы қатарлы саяси күшіне айналды. Nur Otan – Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды, саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асырушы партия. Аса қадірлі Елбасы, сіз партияның алдына кез келген уақыт сынағына сай жедел және сапалы жауап беру міндетін қойдыңыз. Осы орайда партия әрқашанда күрделі мәселелердің оңтайлы жолын тауып, тиімді шешімдер қабылдап келеді. Біздің ортақ мақсатымыз – халқымыздың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыруға, елдің экономикалық әлеуетін арттыруға, қоғамның тұрақтылығын сақтауға бағытталған партия лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамалары мен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын жүйелі түрде жүзеге асыру. Жауапкершілігі мол бұл міндеттерді партиямен тығыз қарым-қатынаста іске асырудамыз, – деді Асқар Мамин. 
Үкімет басшысы сонымен қатар Nur Otan партиясының ХVІІІ съезінде Елбасы тапсырған «Әлеуметтік қамқорлық» әлеуметтік шараларының қалай жүзеге асырылып жатқанына тоқталды. 
– Сіздің тапсырмаңыз бойынша, осы жылдың 1 сәуірінен бастап АӘК көлемі артты. 1 шілдеден бастап бала кезінен мүгедек балаларды бағу үшін мемлекеттік жәрдемақының көлемі ұлғайды. 1 маусымнан жалақысы аз бюджет қызметкерлерінің айлығы 30 пайызға дейін көтерілді. Ал жергілікті атқарушы органдардағы қызметкерлердің жалақысы 25 пайызға көбейді. «Нұрлы жер» бағдарламасына өзгерістер енгізіліп, Тұрғын үй жинақ банкі арқылы аз қамтылған отбасыларға жеңілдетілген несиелеу жүйесі іске қосылды. Бұл механизм осы жылдың шілдесінде бастап іске қосылды, алдағы үш жылда бұл бағытта 50 млрд теңгеден бөлінеді, – деді Асқар Мамин.

Ақпарат көзі - https://aikyn.kz/nur-otan/nur-otan-news/6703-asqar-mamin-Nur-Otan-%E2%80%93-halyqtyng-mung-muqtagyn-gete-tues%D1%96ned%D1%96-/

Похожие публикации

Лента новостей

10.11.21
Новым руководителем ТОО «Литер-Айқын» стал Бакытжан Турлыбеков
10.11.21
«Айқын-Литер» ЖШС-ның жаңа директоры тағайындалды
29.10.21
Актуальные вопросы развития моногородов рассмотрели в Nur Otan
29.10.21
Действующие меры по борьбе с распространением наркотиков малоэффективны - Молодежный совет Nur Otan
26.10.21
Бауыржан Байбек проверил исполнение предвыборных обещаний в Алматинской области
22.10.21
Nur Otan: Законопроект по вопросам здравоохранения следует пересмотреть
21.10.21
Строительство школ и больниц на особом контроле Nur Otan
19.10.21
Nur Otan: Дәрі-дәрмектерге салықтық жеңілдіктерді алып тастау бағаны күрт өсіреді
18.10.21
Бауыржан Байбек Маңғыстауда сайлауалды уәделердің орындалуын тексерді
12.10.21
Качество работы портала социальных услуг обсудили в Nur Otan
09.10.21
Бауыржан Байбек Түркістанда сайлауалды бағдарламаның іске асырылуымен танысты
08.10.21
«23% орындалды». Б.Байбек сайлауалды уәделердің Шымкентте іске асырылуын тексерді
06.10.21
В Nur Otan озвучили итоги проверки детских интернатов
05.10.21
Nur Otan алаңында құқық қорғау жүйесінде болатын жаңа өзгерістер жайлы айтылды
04.10.21
«Не допустить роста цен». В Nur Otan дали рекомендации Минсельхозу и акиматам
04.10.21
В Nur Otan рассмотрели исполнение программы по противодействию коррупции в ВКО
30.09.21
Jas Otan возобновит рейтинг учебных заведений по состоянию общежитий
29.09.21
Бауыржан Байбек Қарағанды облысында сайлауалды уәделердің орындалуын тексерді
28.09.21
«Nur Otan» мен Қазақстан Жазушылар одағы «Ұлы дала» байқауын өткізеді
24.09.21
Бауыржан Байбек проверил реализацию предвыборной программы в СКО
Все новости

Архив публикаций

«    Декабрь 2021    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
Оцените работу движка

Наши партнеры

Наверх