Қытайдағы қазақ фотографы

Cіз – көре отырып табиғат ананың тұңғиығына сүңгісеңіз, тарихтың таңбасын байқасаңыз, ұлттың ұлылығын сезініп болмыс пен ақиқаттың арасында адассаңыз, онда ұлы суреткердің шығармашылығының шеңберіне еніп кеттім деп ойлай беріңіз, aikyn.kz.
Біздің зейініміз өз замандастарынан оза шапқан тарбағатайлық Бағдар есімді азаматтың төл туындыларына бағытталды.
«Талант тас жарады, тас жармаса бас жарады» деген тәмсілдің шындығын мына ғажап фотосуреттердің өздері-ақ айтып тұр. Қандасымыз Қытай фотосуретшілер одағы мен Photographic Society of America ұйымы бірлесіп ұйымдастырған үлкен байқаудың жүлдегері.
42 елдің 686 кәсіпқой суретшілері қатысқан сайыста қазақ баласы таңбалаған фото үздіктер қатарынан табылды.
 Ақтық сынға өткен 1172 фотосурет 5 аталым бойынша сарапқа салынды.
Табиғаттың сырына терең үңіле білген Бағдар бауырымыздың фотосуреті қола жүлдені иемденді.
Жат елде тұрса да, дәстүрі мен туған тілін ардақтауды еш ұмытпаған азаматты сіздерге таныстыруды жөн санадық.
– Бағдар, суреттеріңнен табиғат анаға деген махаббатыңды бірден байқауға болады. Шабытыңды туған жерге деген ынтығың оятады ма? – Әлбетте, кіндік қаның тамған жер қашанда ыстық болатыны сөзсіз. Ата-бабамның ізі жатқан аймақ мен үшін – қасиет. Жүрек қуысымда даламның жаңғырығы мәңгі сайрап тұрады. Сондықтан мені ең бірінші туған өлкеме деген сағыныш жігерлендіреді. Қытайдың Тарбағатай облысының Дөрбілжін ауданында дүниеге келдім. Әке-шешем қызмет бабында болғандықтан мені нағашы атамның қолына жиі қалдырып кететін. Ал ол кісілер тұмса табиғаттың құшағында, жазда жайлау, қыста қыстауда тіршілік кешкен. Мен үшін бұл кезең балалық шағымның ең сәулелі дәурені еді. Ұлы табиғатқа шексіз махаббатым осы уақыттан басталды.
– Қазақ даласын, ата-бабаңның туған жерін суретке түсіріп тарих парақтарында қалдыруды армандайсың ба? – «Армансыз адам – қанатсыз құспен тең» демеуші ма еді. Ұлтымды, Отанымды, қазақы болмысымызды, тарихымыз бен дәстүрімізді әлем жұртшылығына үлгі ретінде фото арқылы суреттесем деп армандаймын. Қазақтай көңілі дархан елдің барын, бейбітшілкті ұран еткенін, тарихының тереңде екенін өз көзқарасыммен жария еткім келеді. Жаратқан жар болса ол уақыт та алыс емес.
– Бүкіләлемдік фотографтардан өзіңді қай жағынан ерекше санайсың? – Өзгелерден менің ерекшелігім, бәлкім қазақ болғанымда шығар. Көшпенділердің тұрмысы мен өнегесі маған етене жақын. Қалай суреттеуді жіті сеземін. Табиғат анаға сүйіспеншілігім де шығармашылығымның негізгі түпқазығы.
– Мақсатың мен мұратың? – Арман-мұратым қолымдағы фотоаппаратыма тұтас әлемді сыйдырсам деймін. Адам аяғы баспаған жерлерде болып, сол тынысты боямасыз кейіпте көрсеткім келеді.

Похожие публикации

Лента новостей

27.05.20
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында сөйлеген сөзі
27.05.20
Глава государства принял участие в третьем заседании Национального совета общественного доверия
27.05.20
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысына қатысты
21.05.20
1,3 млн. казахстанцев получили помощь от фонда «Birgemiz»
21.05.20
1,3 млн. қазақстандық «Birgemiz» қорынан көмек алды
20.05.20
Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
20.05.20
Стартовал прием заявок на республиканский конкурс среди журналистов Nur Suńqar
20.05.20
Журналистер арасында Nur Suńqar байқауы жарияланды
15.05.20
Қазақстандықтар Kaspi.kz арқылы рекордтық мөлшерде онлайн зат сатып алды
15.05.20
Қазақстанда коронавирустан сауыққандар саны 2558-ге жетті
15.05.20
Елордаға кімдер кіріп-шыға алады
15.05.20
Что и кому Казахстан продает на экспорт? Топ-10 товаров, которыми зарабатывает страна
14.05.20
Тяготы легче преодолеваются сообща — Байбек
14.05.20
Жители поселка в Павлодарской области получат центральное теплоснабжение спустя 30 лет
13.05.20
Мақтааралға арналған көмекті блокпосттан өткізбей жатыр деген ақпарат – жалған
09.05.20
Жители Туркестанской области получат 400 тонн гуманитарной помощи
09.05.20
Елбасы қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады
07.05.20
Nur Otan и городские власти поздравили ветеранов Алматы
06.05.20
Ерлан Саиров: Праймериз Nur Otan открыт для всех
05.05.20
Nur Otan партиясы Түркістан облысына 40 тоннадан астам гуманитарлық көмек жөнелтті
Все новости

Архив публикаций

«    Май 2020    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Оцените работу движка

Наши партнеры

Наверх